+5 дауыс
4.4k көрілді
"Қазақ қызға қырық үйден тыйым" деп қызды тәрбиелілікке баулыған. Бірақ, мұның бәрі қазір көзден бұл-бұл ұшқандай. Қазір сол тыйымның қаншасы қалды сіздіңше?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ия атам қазақ ерте кезден-ақ қыздардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Бұрымдарын өсіріп, кең етекті көйлек, сәукеле кигізген.Алдыңғы жылы  Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда деген ғылыми жұмысқа зеріттеу жасаған болатынбыз.Сол  ғылыми жұмыста бір апай: Қызым, осы айтылғандардың бәрі қазіргі таңда орындалып жүр ме, қыздарға қырық уйден тыйым бар ма? деген болатын.Мен: Нәрестенің ананың құрсағында жатырғанынан бастап берілетін тәрбиеге байланысты деген болатынмын.Ия, қазіргі таңда алысқа кетпейін біздің уйде 5қыз тәрбиеленуде.Ата-анамыз біздің тәрбиемізге ерекше мән береді.Жүріс тұрысымызға, киім киісіміздің барлығы әдептен асқан емес.Яғни, айтпағым егер болашақ ананың құрсағында баласы бола тұра ол жаман сөз айтып, харам тағам жесе өсе келе нәрестесіде сондай заттарға бір табан жақын болмақ.....Барлығы тәлім-тәрбиеге байланысты.Жақсы сөз-жарым ырыс.Болашақта арыстандай айбарлы ұлдарымыз бен ақылына көркі сай қыздарымыз көп болғай!
Жақсы жауап жазыпсыз. Айтқаныңыз періштенің құлағына шалынсын
+6 дауыс
көп болса жартысы қалған шығар
ай,ай,білмеймін ау
бір жағынан 40 үйден тимағаны да бізге жақсы ғой, әйтпесе қалай кездесеміз)) халық санын да көбейту керек деп жатыр, қыз бен жігіт кездеспесе бала ағаштаң өсіп шықпайды ғой:)
+5 дауыс
Әр жерде әр түрлі қалған шығар,ал бізде әлі сол қырық күйімен сақталған.!
+6 дауыс
Негізі тыйым деген дұрыс емес сияқты. Қанша 40 үйден тыю десе де,  басқада салт-дәстүрлер толып жатырғой. Ақсүйек,алтыбақан,бастаңғы, т.сс,
жеті қараңғы түнде сүйек іздеп жүретін ақымақ емесқой,ол кездің жастары да. Ауылдың иттерін шулатып жүрген сал-серілер де болған. Баяғыдан келе жатқан нәрсе сияқты ол. Бұзылған қыздар да,бұзылмаған қыздарда болады бұрыннан.

Бастаңғы деген қазіргі Вечер  емес пе?


Мысалға біз қыздар болып жиналдық, бірде, бір қыз ойбай мамам ұрсад деді де қалды. Бәрі жаңа басталып жатқанда, былай көндірдік,былай көндірдік, ешкім нақты жауап бере алмады. Сонда ішіміздегі бір қыз сенің мамаң саған сенбейтініғой  сонда, деп еді,ана қыз үндемей қалд,
мысалға менің мамам мені қыдыруға, гулянкаға жібереді,  өйткені ол маған сенеді, ал сонда менің мамам маған кері тәрбие беріп жатқан болып санала ма???

Мұның бәрі қыз бүлінбеуі үшін айтылатын нәрсе, бірақ бүлінуі-бүлінбеуі қыздың санасына байланысты.  Ешбір ана қызының абыройсыз болғанын қаламайды.

Қызды сандыққа байлап қойсаң да қашып кетеді дейді, қыздарды ешқайда жібермей отырайық онда, бір әдемі гул сыйлаған жігітке басы айналып жүрсін сосын. Көп қыдырмайтын қыздар, сөйтіп илюзияға батып кетедіғой. содан асқан жігіт жоқтай,көзіне Ромео көрініп...
бұл жерде ешқандай салт дәстүр туралы айтылмаған. Және,сіз айтқандай бастаңгы вечер емес. Вечер болған кунде де, қыздар қазіргідей оған ешқашан әбүйірін ашып барған емес.және де....күнде көрп журміз ғой...Кішкене ойланайыкта,вечер қазақтың салт дәстуріне үш қайнасада сорпасы қосылмайтыны анық
Барлық қызға, көпке топырақ шашпауыңызды сұраймын. Бұзылмайтын қыз ол жерге ешқандай да әбүйірін ашып бармайды. Ол қыздың өз санасына байланысты. Бұзылатын қызды қанша үйге қамасаң да бірдеңе қылып бұзылары анық. Қызым бұзылмасын деп оны үйге қамап отырғызу да жөн емес екендігі белгілі. Егер қыздардың барлығын осылай қамай беретін болсақ, жігіттер кіммен кездесіп, кімге үйленеді? Әлде сол замандардағыдай бесік құда болғаны дұрыс дейсіз бе? не болса да кім болмасын ер жетіп есейгенде жан-жақты танып, қызықты көргеніде дұрыс. Қыз кішкене сыртқа шықса бұзылып кетеді деген ойдан да аулақ болғанымыз дұрыс. Әрине бұл тек менің ойым)
0 дауыс
"Қызға қырық үйден тыйым" дегенге мен өз басым келіспеймін. Қазір "тыйылып" қалған көп жап-жақсы қыздар тұрмысқа ерте уақытымен шықпай, отырып қалып жатыр. Мен бәрі демеймін, бірақ көп. Есесіне, ашық-шашық жүретін қыдырғыш қыздар мықты жігіттерді ұстап алып, тұрмысқа шығып алып, кейін ер азаматын, үйін күте алмай, ажырасып кетіп жатқандар көп екен.
...