0 дауыс
303 көрілді
Болашақ бағдарламасымен бакалавр оқуға болама? Мысалы Назарбаев университетінде жоқ мамандықтарды...  Шет елде алынған дипломның яғни европалық дипломның өзіміздің дипломнан қандай маңызы бар???

1 жауап

0 дауыс

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриат бойынша оқу мүмкіншілігі қайта қолға алынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Министрлік (Білім және ғылым министрлігі) «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриат бойынша оқуды қайтару мәселесін қарастырып жатыр», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, алдағы уақытта мұндай мүмкіншілік мектепті ең үздік бітірген түлектерге берілуі ықтимал. Жалпы, Жанболат Мелдешовтің атап өтуінше, 23 жыл ішінде «Болашақ» стипендиясы аясында ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 9 339 маман даярланды. Олардың арасында 2 000-нан аса инженер, 2 000-ға жуық мектеп және жоғары оқу орындарының өкілдері, ел өңірлеріне арналған 600 дәрігер, 400 мемлекеттік қызметші, 200 шығармашылық саласының қызметкері және 2 000-нан аса ұлттық және жеке компания мамандары бар.

 https://www.inform.kz/kz/bolashakpen-bakalavriat-boyynsha-oku-mumkinshiligi-kayta-kolga-alynuy-mumkin_a2977974

...