+6 дауыс
5.9k көрілді
Қаншалықты шындықтарыңызды жазасыздар???? Жалпы қажет деп ойлайсыз ба?? Күнделігіңіз қандай??? Мысалы менде код бар.

18 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, күнделікті  пайдаланамын! Шындықты бұқпасыз жазамын! Күнделігім менің әмбебап нәрсе өзі(универсал)!Ішінде сабаққа қатысты маңызды нәрселерді де, даналық сөздерді де, ұнаған сөздерді де жазып қоямын. Кейде өзімнің және жақын, сүйікті жандарымның суреттірін жапсырып қоямын. Күнде жазбаймын, көңілсіз сәтте я қатты қуанышты сәттерде, не болмаса бос отырған сәттерде қолыма аламын күнделікті. Күнделік өте қажет нәрсе деп есептеймін! Өйткені өткен нәрселердің бәрі көз алдыңда тұрады. Біреуге деген ыстық көңілің, ренішің де соның ішінде) Кейін оқығанда сәл нәрсеге ренжігеніңді, я қуанғаныңды көріп бір күліп аласың. Сонымен қатар күнделігіме кейде жоспарларымды күндік, айлық, жылдлық дегендей жазып қоямын. Өзімді қамшылап, ұрсып алатын да кездерім болады. Күнделікке қалың блокноттар арнаған жөн еді, бірақ оны күнде арқалап жүргім келмейді, өйткені ойыма кез-келген уақытта келген нәрсені жазғым келеді. Сондықтан жұқа, ыңғайлы блокноттарды жөн көремін, еш құлпы жоқ! Сабақтан тыс уақытта суреттер саламын, әсіресе өзімнің сүйікті лилиямды! Осылай жазамын күнделігімді))
Тоғжан, сіздің шындықты бұқпасыз жазамын дегеніңіз қатты ұнады, жалпы осы сайтта көбіне сіздің жауаптарыңызға қарап тамсанамын, менің сұрағым келгені жай ашейін блокнот (құлпы жоқ)  депсіз, шындығыңызды біреу көріп қойса нестейсіз??? мысалы менде құлпы бар, бірақ кейде оқып отырып кей беттерін  жыртып тастағым келетін кездер болады, бірақ мен сол күнделікті бастағанда өзіме не жазылса да жыртпайм деп өзіме ант берген едім.
Сөмкеме салып жүремін. Ал сөмкемді ешкім қарамайды, құрбыларымның да, туыстарымның ондай әдеті жоқ!)))  Оқыса, оқиды да...қайтеміз?!)
+6 дауыс
Неге екенін білмеймін, бірақ мен күнделік пайдаланбаймын.
+4 дауыс
ия күнделігім бар.ол менің ең жақын сырласым болғандықтан бар шынымды жазамын.көбінесе көңіл-күйім болмаған жағдайда жазамын.сол арқылы біраз жеңілденіп қаламын.күнделігім кодпен емес,қарапайым блокнот.сақтану шараларын қолданбаймын,өйкені уйде ешкім оқымайды.негізінен,біреудің күнделігін оқу-үлкен күнәға жатады екен.күн сайын жазбаймын өйткені жалығып кетемін.тек шабытым келген кезде
+5 дауыс
Күнделік пайдаланып көрмеппін!!!
+6 дауыс
Қыздар сәлем )) қалайсыңдар )) жауап жазып отырған әзірше ұлдардан мен екенмін ))

сұраққа келер болсам: ))) ия ((( жоқ дегенім ғо. Бұрынннда сонау 2006 жылы үйде ерігіп жатып сотқамды ақтарып, заметки деген жерге былықтырып ұқсастырып бірдеңе жаздым. содан бері әдетке айналып кеткен ))) жеті қабат жердің астында Кэйсел инфосейфтың сайтының ішіне салып кодттап қойдым, енқашан жойылып кету қауіпі жоқ ))

енді жауап: мен Күнделік жазбаймын ЫЫЫ, мен заметка жазамын. дұрыс бұрысын білмеймін. зияны жоқ сияқты
Сәлеметсіз бе, Абылай аға! Аллаға шүкір, жақсымыз! Өзіңіз қалайсыз?) Сіз үшін заметка деген - қазіргі заманға лайықты, "современный күнделік" болды-ау шамасы) Жақсы ақыл-кеңес екен. Күнделік жазып, қолыңды шаршатпайсың, уақытыңды тиімді пайдаланасың.Сізден үлгі алу керек сияқты))
шүкір жәйлап, жұмыста отырмын )) бүгін түк бітірген жоқпын, қайта қайта осы сайтқа кіріп бүкіл шаруам жәйіна қалды ))

ЫЫЫ )))
Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!)
Алақай жұмыс уақыты аяқталдыы))
Абылай  жеті қабат жердің астында Кэйсел инфосейфтың сайтының ішіне салып кодттап қойдым дегеніңіз қалай?  ол қай жердегі
 сайт?
Белгісіз
сен де қай қайдағы 2 жыл бұрын жазған жауапқа пікір қалдыржың ау )))  Кэйселл инфосейф бұрын қолданғанмын http://sync.kcell.kz/
қазір толықтай гугл сервисіне көшіп кеттім десем де болады, бірақ әлі инфосейфте заметкаларым сақтаулы жатыр
датасын қарамаппын szh.kz Басты бетінде тұрғасын кіре салдым осы сұраққа)
Белгісіз
+6 дауыс
Күнделік қажет деп ойлаймын. Себебі, күнделік - сенің досың сияқты. Өзге жандарға айта алмаған сырларыңды күнделікке жазасың... Басыңнан өткізген түрлі қиын немесе қызық сәттерді күнделік бетіне жазып, біраз уақыт өткеннен кейін күліп отырып еске аласың... Абай атамыз айтқандай, жақсы адам болғың келсе, күніне бір рет немесе айына бір рет немесе жылына бір рет өзіңе есеп беруің керек. (нақыл сөздің нақты нұсқасын таба алмадым) Өкінішке орай, күнделік пайдаланбаймын. Күнделік жазып,бастаудың бір сәті келмей жүр((
+2 дауыс
Мен күнделікті мүлдем қолданбаймын. Неге керек босқа шаруа көбейтіп.
+3 дауыс
мен блог жазам, ол менің күнделігім сияқты, не болғанын, осы уақыт бойынша қандай жетістіктерге жеткенімді, қай идеяларым әлі идея жүзінде қалды, соның барлығын саралауға көмектесетін сияқты)))
+6 дауыс
Күнделік-күнделікті өмірін! Әрбір адам өзіне күнде есеп беріп отырса, өмірде қателігі аз болады.
Күнделік сенін сырласын, әрі досын. Досына айта алмағанды, оған жазуға болады! Күнделік деген жақсы нәрсе. Мен де жазамын. Бірақ күнде-күнде емес, көңіл-күйім толқу үстінде болғанда, ренжігенде, қуанғанда, бір нәрседен үлкен әсер алған кезде жазамын.Меніңше күнделік жазу Абай атамыздың 15 сөзіндегідей, өзіңнен өзің ең болмағанда жұмасына бір рет есеп алу болуы керек. Уақыт өте келе, керек болып жатса, нағыз, ащысы мен тұщысы қосылған, күлдіретін де жылататын да күнделікті жазуға шама келіп жатса, меніңше келер ұрпақтарға табылмас ескерткіш сияқты ғой.
Дұрыс айтасыз, Айдана! +1
+2 дауыс
КҮНДЕЛІК ҰСТАМАҒАМ, ҰСТАМАЙМЫН.

Менікі Блокнот пен шағын қалам. Көп жағдайда, байқайсың, қай жақта жүрме, бір нәрсе есіңе түседі, не бір білмейтін сөз оқып қаласың, сол кезде таптырмас құралдар. Жазып аламын да, үйге келгенде сол бойынша мәлімет іздеп, білімімді толықтырамын десем де болмақ. Ал отырыс уақыты, кездесу мерзімі дегендерді ұялы телефондағы  заметка арқылы жүзеге асырамын. Нәтиже көп.
+3 дауыс
Бұрындары жазғанмын, шыны керек қазір жалқаулық жеңіп кетті ме... Қазір де кейде жазамын, өті сирек... Күнделік жазғанымда мен сол күні немен айналысқанымды емес, сол күнгі көңіл-күйімді жазатынмын, бір досыммен әңгіме айтып отырғанымдай боламын, сәлемдесіп... сонша қиялға қатты берілетінім бе білмедім, әйтеуір ол да (күнделігім) маған тіл қататындай көрінетін, сырласып бір жеңілдеп қаламын, ең сенімді досың болады ғой, өзіңнен басқа ешкімге айта алмас, Күнделік жазғанда ойымды шашыраңқы, сөйлемдерді аяқтамай жазатынмын, Біреудің күнделігін оқуға болмайды деп жатады ғой, сондада менің полкамды менен басқа ешкім ашпайтын да. Оқығанның өзінде жүйелі сөйлем таба алмай ешкім түсінбейді де, тек өзім сол жарты сөйлемдерді оқысам ары қарай айна қатесіз көз алдыма елестейді, сол күндерді қайта өмір сүріп жатқандай күй кешімін... Адамның қиыншылық күндері есте жақсы сақталады да қуанышты күндері тек сол күні ғана есінде болады деп, сондықтан да сол бір қуанышты күнм болса міндетті түрде жазамын, Барлығынан шаршаған кездерде сол бір күнді еске алып *тағы да қайталануы мүмкін ғой*  деп ойлаймын...  Күнделіктің пайдасын жаза берсең бүгін ертең таусылатын әңгіме емес ғой))) жазуға кеңес берер едім есте сақтау қабілетті арттыруға 100 пайыз көмегі бар!
ай ұқсастық бар екен)  шыңы керек 100 пайыз көмегі бар  !
Белгісіз
+2 дауыс
Күнделік жазбайм!!! Күнделік бастағым ақ келеді, бірақ қолымды аяймын!!!
+2 дауыс
Ұстамаймын. Жігіттерге ерсі сияқты. Мен үшін күнделік.
Күнделік - бұл менің санам, бұл менің дәптерім, бұл менің шимайлаған парақтарым, бұл менің естелігім. Жүрегім соғып тұрғанда қуаныш пен мұңлы күндер өнебойы жадымда жүреді. Кей кезде тұнжырап, қара бұлт төнген күндерімді еске алмауға тырысамын, бірақ қалай? Мүмкін емес, әрине. Бірақ уақыт емші.
0 дауыс
Мен 8 жыл көлемі болып қалды, күнделік жазамын. Ол менің ең бір жақын сырласыма айналған. Ешкімге айта алмаған сырым күнделік бетінде сайрап жатады. Сол күнделігіме сенім артқаным соншалық, менің айналамда сыр бөлісетін жандар аз, тіпті жоқ десем де болады. Соңғы кездері байқап жүрмін, күнделігіме көңіл-күйім болмаған кезде оралатын болып жүрмін. Кейде үш-төрт жыл бұрынғы күнделіктерімді оқып, кейде күлемін, кейде көзіме жас үйіріледі, расында осыны мен жаздым ба деп ойлаймын. Ішімдегінің барлығын жинап-жинап төгіп-төгіп жіберетінім бар. Күн сайын жазбаймын. Бірде белгілі бір себептермен сол күнделіктен қол үзіп, енді ешқашан жазбаймын деп едім өз-өзіме. Тек бір жыл ғана шыдай алдым, содан асылыма, сырласыма қайта оралдым, еш нәрсе жазбай жүру мен үшін өте қиын болды. Бар шындықты бүкпесіз жазамын, өзімді баста соған үйреткенмін. Күнделік жазудың адам жанына қаншалықты қажет, қажет емес екендігін әр адам өзі шешер. Ал мен үшін күнделік жазу ауадай қажет нәрсе. Менің күнделігімде ешқандай құлып жоқ және күнделігім үлкен, қалың блокнот. Оның өз орны бар, бір жақсысы үйдегілердің менің не жазатынымда еш қызығушылықтарының болмауы, сондықтан менің күнделігімді біреу оқып қояды-ау деген қорқынышым  жоқ.
+1 дауыс
Күнделікті кезінде жаздым, енді жазбаймын, ссебебі, менің сырымды басқа біреу оқып қойды, сол кезде мен өзімді де, оқыған адамды да кінәлаған жоқпын, күнделікке де өкпелеген жоқпын, күнделігімді  алдымда ешкім білмейтін жерге жасырып қойдым, өртеп жібергім келген еді,  кей кезде есіме түскенде оқып тұрамын дедім де көзімнің алдынан жасырдым, себебі, маған қызыға қарайтын адамдар көп екен, менің сырымды білгісі келетіндер де, маған қызығушылық танытатын адамдар да бар екен...
Күнделігімді кейде оқысам, күлкім келеді, жылайтын жерінде жылап аламын, қуанатын жерінде қуанамын, өкінемін, сол баяғы кездерім есіме түсіп кетіп, ызам да келетін кездерім болады..Себебі, күнделігімнің ішінде бәрі бар...Тіпті, болашағымды да соның ішіне жазғаным есімде...енді жазбаймын, кей-кездері шабытым  болып қалмаса...<s>Шабытым ел тыныш ұйқыға кеткенде, айналаға қараңғы түскенде ашылатынын білемін <s>
...