Хан Кене өмірі қайшылыққа толы тұлға. Ханның бас сүйегі бертінге дейін Эрмитажда тұрғаны анық. Оны көрген адамдар бар. Бірақ кейіннен одан алып, сенімді жерге тығып тастағанға ұқсайды. Ол Ресейдің мемлекеттік құпия қоймасында болуы мүмкін деген әңгіме болды да басылды. Ресей Кенесары ханнан тірісінде ғана емес, өлген соң да қатты қорқады, әлі де қауіптенеді. Кенесары ханның бас сүйегін қайтарып бермейінше, Ресейде ешқашан тыныштық заман болмайды. Қырғызстанда да солай! Өйткені, Кенесары тегін адам емес, дене сүйегі мен бас сүйегін қайтарып бермейінше орыстарды да, қырғыздарды да тыныш ұйықтата қоймас! Тіпті, атақты Ванга айтты деген сөз бар, Ханның басы келмей, дүние тынышталмайды деген. Баспасөзден оқығандарым осылай.