Аквариумның көп пайдасы бар, зияны туралы естіген жоқпын. Интернеттен іздесең көп мағлұмат аласың.
Бірсыпрасын жаза кетейін.
Үйдің дизайнын әдемі қылады. Аквариумдегі жалт-жұлт еткен балықтар да жүйкені тыныштандырады.
Қан қысымы жоғары, жүйкесі жұқарған, қаназдық, ұстама (қояншық), жоғары тыныс және қолқа жолдары ауыратындарға, демікпесі барларға міндетті түрде аквариумдегі балықтардың тіршілігін жарты сағаттай бақылаған пайдалы. Аквариумды ауырып жатқан адамның жанына қойсаңыз, сырқаттың көңілі тынышталады әрі оның ішіндегі су буға айналып, ауаны ылғалдандырады. Бұл, әсіресе, көп пәтерлі тұрғын үйдегілер үшін аса қажет.
Аквариумның тағы бір пайдасы – оны балалар бөлмесіне қойсаңыз, түнгі шамды жағып әуре болмайсыз. Өйткені ол қараңғыда сәуле беріп тұрады. Балалар алтын балыққа армандарын айтып, ішкі сырымен бөліседі.
Тағы бір ескеретін жайт, жапондықтар аквариумда қанша балық болса, ол әр кез сонша болып тұруы керек деп есептейді. Егер біреуі өліп қалса, оны дереу алып тастап, басқа балықпен ауыстыру керек.