Қалта телефоныңыз қай елдікі?
Зауыттан шыққан кез келген өнімді анықтайтын арнайы белгілер болады.Қалта телефоны үшін ондай белгіні IMEI деп атайды.IMEI дегеніміз, (ағыл. International Mobile Equipment Identity ) - қалта телефон құрылғысының халықаралық көрсеткіші. Қалта телефонының сапасын анықтау үшін телефонның ИМЕЙ нөмірін білу маңызды.Оны білу үшін кез келген телефонда *#06# (жұлдызша, тор, нөл, алты,тор) комбинациясын теру керек.Телефонның дисплейінде әр түрлі сандар тізбегі көрсетіледі.Мәселен, IMEI 355764 02300502/0 . Аталған сандар тізбегінде телефоның қай елде құрастырылғанын , иаки шығарылғанын жетінші және сегізінші сандар айғақтайды.
Егер жетінші және сегізінші сандар 00 болса, бұл қалта телефоныңыз зауыттың өзінен шықты деген сөз.Ең жоғары сапа!
Егер жетінші және сегізінші сандар 01 немесе 10 болса , бұл қалта телефоныңыз Финляндияда құрастырылды деген сөз.Сапасы өте жақсы.
Егер жетінші және сегізінші сандар 02 немесе 20 болса, бұл қалта телефоныңыз Қытайда жинастырылғанынан хабар береді.Сапасы нашарлау деген сөз.
Егер жетінші және сегізінші сандар 08 немесе 80 болса онда қалта телефоныңыз Германияда шығарылған.Сапасы жақсы деуге тұрарлық.
Егер жетінші және сегізінші сандар 13 болса онда қалта телефоныңыз Әзірбайжандада шығарылған
деген сөз.Саасы өте нашар және денсаулығыңызға да қауіпі жоқ емес.
Дереккөз:Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 жылдар.Алматы, 2009.