+8 дауыс
628 көрілді
;( деп алдымен жылап алайын;

енді сұрағым:

мен кеше таңғы төртке дейін отырдым сайтта. сайттан шығып бара жатқанда менің баллым шашамен екі мың жеті жүз ден асып тұрды, және мен шамасы жиырма тоғызыншы болып тұр едім. енді бүгін кіріп қарасам менің баллым 2,631 және мен отыз үшінші орынға түсіп қалыппын.  түсіндіріп бере алатын адам бар ма екен? бұлай болуы мүмкін бе? неге? қалай? не үшін? қандай жазығым бар? қайда кетті баллдар? кім кінәлі?

(маған ешкім минус қоймаған, әлі сол елу сегіз минуспен тұрмын, және естіп едім көп минус плюс қойған қолданушыларға шара қолданылады сайт автоматты түрде деп, бірақ мен осы сайтқа тіркелгелі бері бес ай бойы тек  509 жоғары дауыс бойынша, 138 қарсы дауыс бойынша дауыс бердім, бұл сонда көп па?)

6 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Досым Абылай. Қалың қалай. Сенің білгір де алғырлығыңа таң қаламын, шынымен де қазақтарда да тамаша жігіттер бар, білімі жоғары, барлығын өз ісін бүге-шегесіне дейін мән беріп қарайтыныңа ризамын. Сенің арқаңда сайт дамып, жаңа деңгейге шығып жатыр. Сұрақтардың да сапасы жақсарып қалды.
Енді сенің сұрақтарыңа жауап берейін. Негізі кеше түнде жауап бермек едім, апкемнің өтінішімен ол кісіге кино қойып берген едім компьютерге. Сосын уақыт болмады.
Өздерің білетіндей сұрақтарды модератор жасырғанмен ол сұрақтар мен оған алынған жауаптар арнайы бір орында сақталынады. Кейін мен админ ретінде ол сұрақтар мен жауапты сорттап барып өшіремін. Себебі қанша дегенмен кейбір редактор немесе модер қолданушылар  жеке басы үшін қолдануы мүмкін. Қайталап айтамын, қолданады деп жатқан жоқпын, мүмкін деп жатырмын. Сосын уақытым болмай жасырылған сұрақтарды өшірмей жүрген едім. 2-3 айлық сұрақтар мен жауаптар жиналып қалған екен. Енді ойлап көр күніне қаншама сұрақ жасырылады деп. Жасырылған сұрақтың астында кей қолданушылар жауап жазып үлгереді. Модеоаторлар мен редакторларға өтініш егер сұрақты жасыратын болсаңыз алдымен пікірлерді сосын жауаптарды сосын барып сұрақты жасырсаңыздар алғысым шексіз. Енді сұрақты жасырылмай тұрып оған кейбір қолданушылар дауап беріп, балл қойып, тіпті жақсы жауап таңдалынып кететін кез де болады. Сұрақ жасырылғанмен оған алынған баллдар, яғни сұрақ қойғаны үшін, жауап бергені үшін, жақсы жауап болып жауабың таңдалынғаны үшін, балл бергенің үшін балдың барлығы жасырын болып тұрғанымен есептелініп тұрады. Кейін ол жасырын сұрақ пен жауап өшірілген соң балл-да азайып қалады. Енді есептей бер осы 2-3 айда қаншама сұрақтар мен жауаптар жиналып қалғанын. Оның өзінде кеше мен азаннан кешке дейін отырып барлық жасырын сұрақтарды өшіріп үлгере алмадым. Ия Абылай сенің баллдарыңнын азаяу себебі осы. Сұрақтар мен Жауаптарды мен өшіргеннен. Сосын қосылған мүмкіншілікке келсек. Мен балл қоса аламын, бірақ баллды алып тастай алмаймын. Сенің осындай тапқырлығың, әрі белсенділігің үшін саған +500 балл қостым. Балл қосу осындай қолданушыларды марапаттау үшін қосылған болатын. :) Рахмет саған Абылай. Сендей сайттың белсенді қолданушысы бар екенімен мақтанамын.

p.s. Биыл наурыз айында болатын Блогкемп-2012-де сені де сонда болады деген үміттемін. Әбдірахманның інісінмен шынайы омірде таныссам мен үшін сол қуаныш.
қайырлы таң ))

жауапқа толықтай қанағаттандым. )) рахмет.

ия бұйырса блогкэмпке барып қайтсам ба деп отырмын. (бірақ 23інде дегені аз маз қиыншылықтар туғызуы мүмкін)

(баллға тағы да рахмет, )))
Сұрағыңа жауапты жақсы жауап деп бегілеп қойсаң мен үшін сол қуаныш, себебі кей қолдауншылар түсінбей жатса сұраққа кіре салысымен бірінші тұрған жауапты оқып түсініп алсын. Неге сайтта осындай жағдайлардың туындап жатқанын.
әрине белгілеймін. )) ұйқымды әлі аша алмай отыр едім ))
+3 дауыс
сайттан кеткен қателік шығар! технический айтпесе сен тез арада төмен сырғып кететіндей ешкім сенен озып шыққан жоққой! уаймдама ертен қайттан қалыпқа келеді деп, ойлаймын!
+3 дауыс
Бір апта бұрын Мен де жазықсыз 60-70 баллымнан айырылғам. ТоЖе бір түнде. Әрине, минус алуым ықтимал, бірақ осынша минусты қайдан жинадым деп Сұрақтарымды қарадым. Көп дегенде 5 минус. Әлі түсініксіз. :^) Содан кейін бір қолданушы бүркеніп-ап минусоватетіп жүр деген күдік тумай ма .... Әлі анықтай алмадым. Ғы.!    ...Бірақ, Абылай, Белсенді деген және Сенің баллдарыңа жақын тұрған қолданушылар біраз белсенділік танытса, болатын жағдай.Заңдылық. Сайттан мұндай ақау кетті дегенге сенбеспін.   Тағы мысал: Сенің ЖАҚСЫ ЖАУАП деп белгіленген 4-5-6 шақты жауабыңды ЖАҚСЫ ЖАУАПТАН алып тастаса да, 40 -50 - 60 баллдарыңмен бірге рейтингің де түспек.     Білер Қолданушы айтар... Әзірше, сұрағыңды құптап,айтатынымды айттым. )
Ерболмен сөйлессей дружба жиберіп. не "кері байланыс арқылы" сөйлес.
Ол жағына жауап бере алмайм. Админ болсам сени профессор қылар едім. Бірақ доцент болғанға шүкіршілік айт. Уайымдама бұл мәселе шеліледі. Тек сабырлы бол
=( біртүрлі ыңғайсыз жағдайға қалдым ау шамасы. доценттікке шүкіршілік етудемін. бірақ бұл сұрақты жазғандағы ойымды дұрыс түсінбей қалдыідар ау шамасы. доценттік пен сол баллды нанға жағып жей алмаймыз. яғни оның маған түк те қажеті жоқ. тек білгім келген. ниетіңізге рахмет. және ендігіде сізден озбауға тырысамын
Абылай ертен Ерболмен сойлессей. Ол өзі бәрін айтып береді. Білем балдың түкке қажеті жоқ екенің. Бірақ сайттағы белсеңділігінді көрсетеді ғой ол балл. Сол үшін дұрыс сұрағыңыз. Қазір кері байланысқа жазып жібер. Ертен жауап келеді. Келмесе менің бүкіл балымды ал "шутка" )))
Әзілің жарасты, Майрош _ )))
профессор болуыңмен Майрош! жұғысты болсын:))))))))))))
Рахмет рахмет басына көрінсің дейкта. )))))
+1 дауыс
Абылай мен сізбен бәсекелесем іштей. Бұған мен қуанбасам өкінбеймін "әзіл реңжімеңіз" Сіздің балыңыз не үшін томендеп кеткенің "Кері байланыс" арқылы біліп алуға болады. немесе Ерболмен жеке сөйлессей. Қой жылама. :o
сәлем Майрош ))

бәсекелестік жақсы ғой ;) қуанғаныңызға қуаныштымын ))

Димашқа дұғай дұғай сәлем. тезірек оралсын. сабағын жақсы тапсырсын))
аха жарайды. барлықтарыңның сәлемін жеткізем ИншАллах.
+1 дауыс
Бәсе,маған 600 дей балл қосылып,қайдан қосылды деп аң-таң болып жүр едім. Енді түсінген сияқтымын, рахмет.
Аха ағасы сізге балл қосған болатынмын. Сіздің осынша уақыт сайтқа уақытыңызды сарп етіп белсенділік танытып, сайттың өркендеуіңіз үшін үлес қосып жатқаныңызды ескеріп қосқан болатынмын. Тағы да рахмет сізге!
мяаааа ағасы! тіпті админнен де озып кетіпсіз ғой! осы қалпыңыздан қалмаңыз, күндердің күнінде сіз де балл қосатын жағдайға жетесіз (тілегім ғо)..
Ой,Админнің өзі ғой оздырап жіберген. Алихан.Тілегіңе рахмет,саған да соны тілеймін.
+4 дауыс
Шынымды айтсам барғой , осы балл дегенге, орын дегенге тіптен мән бермеппін. Мен тек қана жақсы сұрақтар жазылса ғана кіріп жазатынмын. Енді Жако ағаға жету керек шығар деп ойлаааап отырмын)))
...