Ешуақытта баланы ұрып-соғып жақсы етіп тәрбиелей алмайсыз ... мүмкін тыңдар айтқаныңызды,қорыққанынан кішкене кезінде ... ал өскеннен кейін ұрып соғып айтқаныңыды істете алмайсыз, баланы алдап,арбап ... жәй сөзбен айтсаңызда түсінеді... Тәрбие тал бесіктен басталады. Бесік тербеткен жас ана, сәбидің бесік жырымен әлдилеп уатады. Мейірімге толы бесік жыры сәбидің құлағына жағымды естіліп, айналасындағылардан мол қамқорлықты сезінеді.Былдырлап тілі шыққанан-ақ сәби ананы-мынаны сұрап, назарына іліккендердің атын, затын білгісі келеді. Бұл кезде сәбиге көңіл қойып, сұрақтарына жауап беріп отыру абзал. Балалар бақшасына аяқастынан бастап тәрбиешінің игі қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады. Тәрбиешінің парасаттылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі балаға қаншалықты әсер ететінін ескерсек, сол межеден көріне білу әр тәрбиешіге міндет еткенін де білген жөн.