Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасы
ТАРИХЫ
Қазақстанның қазiргi көлемiнде 1900 жылы 6 облыс орналасты, соның iшiнде Сырдария облысы (қазiргi Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстары) ол Түркiстан генерал губернаторлығына кiрдi. (Бiз Сырдария облысын Қазақстан деп есептеймiз).
1907 жылы осындай үлкен аймақта барлығы 49 психиатриялық керуетiне (Орал, Омбы, Семей және Верный), яғни 1000 адамға 0,01 керуеттен және 53 науқасқа 1 керуеттен келдi.
Әрине бұл 49 керуеттiк орын халықтың психиатриялық қажеттiлiгiн қанағаттандырмаған. Көптеген аурулардың жағдайы өте ауыр халде болған, бақылаусыз, ел кезiп, жоқшылықпен күн кешкен. Аурулар жергілікті молдалар, бақсылар, тәлибтерде «ем» қабылдаған.
Осының барлығы жаңа психиатриялық аурухана ашуға әкеп соқты.
Тек 1907 жылдың 1 қыркүйегiнде Перовск /қазiргi Қызылорда/ қаласында 49 орындық Земскi ауруханасы ашылды. Оның iшiнде 7-уi жергiлiктi гарнизонның соматикалық ауру қызметкерлерiне арналғанды.
1932 жылдардан бастап еңбекпен емдеу әдiсi жолға қойыла бастады. Көптеген аурулар қосалқы шаруашылықта /подхоз/ жұмыс iстесе, қалған бөлiмшедегi науқастар шахмат фигурасын, этажеркалар жасап, әйелдер болса корзина, жұмсақ ойыншықтар, тас қуыршақтар жасап, кружевалар тоқыды. Емдiк -диагностиканы жақсарту үшiн клинико-диагностикалық лаборатория, физкабинет ашылды. Емнiң жаңа түрi инсулин-шок терапиясы қолданыла бастады. Психоздың жалпы созылмалы түрлерiмен қатар ең ауыр түрлерiмен ауыратын аурулар елiмiздiң түкпiр түкпiрiнен, УФА, Ташкент, Саратов, Оренбург, Омск, Қазақстанның көптеген қалаларынан келiп емделiп отырды.
Ұлы Отан соғысы жылдары аурухана ғираттарына әскери госпиталi және Қырым мединститутының психиатриямен наркология кафедрасы көшiп келген.
1974 жылы облыстағы 1- РПНА-мен облыстың психиатриялық көмек қызметi таратылып, Қарөзектегi психиатриялық ауруханасымен балалар психиатриялық ауруханасы бiрiгiп, 620 төсектiк Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасы 1 РПА ғимараты қайта құрылды.
Қазiргi уақытта Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасында 420 орындық стационарлық бөлiмше жұмыс атқарады.
2000 жылдың маусым-шiлде айларында Қызылорда қаласының әкiмiнiң шешiмi бойынша аурухана бұрынғы психохронниктер интернат үйiне көшiрiлдi.
Қызметкерлердiң өз күшiмен жұмыс орындары ретке келтiрiлдi.
Барлық бөлiмшелерде аурулар дем алатын орындар, палаталар, егу-емдеу бөлмелерi, асханалар қайта жөнге келтiрiлдi және канализация жүйелерiмен жылу жүйелер жүргiзiлiп, iшкi жарықтандыру жүйелерi ауыстырылды.
Залалсыздандыру бөлмесi, ЭЭГ кабинетi, рентген кабинетi, 8 аурулар дем алатын орындары мен әжетханалар, 9 сарай , 5 гараж, элеватор жүйесi және мұздатқыш қоймасы қайта салынды.
1, 5, 6 бөлiмшелердiң жылу жүйесiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Аурухана аймағындағы ағаштар мен гүлдердi суару үшiн, 3 су колонкасы орналастырылған.
Үнемi қызметкерлердiң еңбегiн жақсарту мақсатында ауруханада күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.
Дәрiхана қоймасына толық жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Барлық бөлiмшелерге қайта жөндеу және күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Барлық бөлiмшелер мен объектiлерге телефондар құрылып, олар селекторлық қатынас арқылы басшымен қосылған. Қалалық АТС арқылы қаланың емдiк алдын алу мекемелерiмен, ҚIIБ-н, прокуратурасымен және сот орындарымен байланыстырылған.
Тәулiк бойына жедел жәрдем көрсетiлуде.
Аурухана екi емдiк ғимаратта орналасқан, 8 стационарлық бөлiмшесi бар.
Қазiргi уақытта облыстық психоневрология ауруханасында 420 орындық стационарлық бөлiмше жұмыс атқарады, орындық қоры бөлiмшелер бойынша төмендегiдей болып бөлiнедi.
1 ерлер бөлiмшесi - 50 орындық.
2 ерлер бөлiмшесi - 50 орындық
3 невроз бөлiмшесi - 60 орындық.
4 әйелдер бөлiмшесi - 60 орындық
5 әйелдер бөлiмшесi - 55 орындық.
6 психотуберкулез бөлiмшесi 45 орындық
7 ерлер бөлiмшесi - 60 орындық.
8 балалар бөлiмшесi - 40 орындық.
50 орындық күндiзгi стационар, күнiне 100 адам қабылдайтын диспансерлiк бөлiмi бар.
Психиатриялық жедел жәрдем көрсету мақсатында науқастарды ауруханаға жедел жеткiзу үшiн тәулiк бойына дәрiгерлер кезекшiлiгi және психиатриялық топ кезекшiлiгi ұйымдастырылған.
2002 жылдың 14 қыркүйегiндегi облыс әкiмiнiң қаулысымен “Денсаулық жылын” ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар жоспарына сәйкес жедел түрде психолого-психиатриялық көмек көрсету үшiн “сенiм телефонын” ұйымдастыру бекiтiлген.
Сенбi және жексенбi күндерi түнгi уақытта қажеттiлiгiне байланысты кез келген маман бөлiмшелерге және басқа да емдiк алдын алу мекемелерiнiң науқастарына кеңес беру үшiн шақырылуы мүмкiн.
Ауруханада жаңа дәрi-дәрмектердiң енгiзiлуi жүргiзiлуде. Дәрiгерлердiң бiлiмiн көтеру үшiн жоспар бойынша.
Аурухананың емдеу сапасын бақылау үшiн сараптама тобы жұмыс iстейдi оның құрамына жоғары дәрежелi дәрiгерлер кiредi. Сараптама тобы медицина құжаттарының және диагноз бойынша емнiң жүргiзiлуiн талдайды. Талдау кезiндегi ескертулер ай сайын медицина Кеңесiнде қаралады. Науқастармен олардың туған-туысқандары және аурухана қызметкерлерi арасында “Салауатты өмiр салтын қалыптастыруды” насихаттау мақсатында санитарлық ағарту жұмыстары жүргiзiледi.