Димаш,басқа біреу болса жауапта бермес едім, сен жазған соң жауап беріп көрейін. Өзің ойлашы елдің бәрі бұрын берілген сұрақты қайталай берсе ,біраз уақыттан соң сайт қандай күйге түседі. Іздеу жүйесін пайдаланғанда бірнеше сұрақ шығады бірақ жауаптардың барлығы бірдей,сонда не болады. Іздеу жүйесіндегі адам қолды бір сілтеп сайтты жаба салмай ма? Әрі сұрақты қайталап жазғаннан көрі сол сұрақты қайта ашып жауап-пікір жөнінде өзіне керек жауабын алу мүмкіндігі бар емес пе, сондықтанда сайтта сұрақтар жабылмайды,сақталады емес пе? Ал қате жазуға келсек.ол үшін ешқандай маман сұрақты жаппайды,қайта өңдейміз. Бір күнде қаншама сұрақтар өңделеді,егер солар сол қалпында кетсе сайт не боларын көз алдыңа елестетші. Ал сұрақтың қайталанғанын білу үшін бар сұрақты ақтарудың керегі жоқ,төмендегі қайталанған сұрақтар ішінде тұрады,соғанда қарамайтындар бар. Артық деп тапсаң кешір.