+5 дауыс
853 көрілді
Мен бір үйдің үлкен қызы, үлкен келінімін. Жақында әкемнің енеммен агент арқылы махаббат болып сөйлесіп жүргенін біліп қойдым, ал өзімнің анам ауру, психбольницада емделіп тұрады. Өзім ата енемнің қолында тұрамын, күйеуім екеуміздің арамызда барлығы жақсы. Екі қайным бар бойдақ. Ал енді сұрақ, не істейн бұл жағдайды менен басқа ешкім білмейді, ішіме сияр емес, күйеуіме айтып шешесіне карсы койып жанын жаралагым келмейді. Енемді көргім келмейді бөлек шыққым келеді, бірақ қайнатам бізді жақсы көреді, бөлек шығарғысы келмейді, көңілін қимаймын жақсы кісі. Кейде енеме барлығын білетінімді айтып бөлек өмір сүргім келетін айткым келеді, бірақ асты үстіме түсіп повод бермей жүр біліп қоймасын деп қорқып жүр ау деймін. Не істейін?

8 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
...қызық... кешіріңіз оқиғаны қызық деп тұрғанып жоқ, менің анам агентке қалай кіретінің де, почта не екенін де түсінбейді, почта ашып беріп едім, паролін өзіңіз ғана біліңіз деп, 2-3 күннен киін ұмытып қалыпты))

сізге кеңесім, ең дұрыс шешім бұл жерде өз әкеңізбен сөйлесу, тура айтуға батылыңыз бармаса сіз де әкеңізге агент арқылы айтыңыз, сіздің қайнатаңыз да анаңыз да Аллаға шүкір осы өмірде бар адамдар ғой, қалай болғанымен олар қосыла алмайды.

болмаса әкеңізге почтаны сіз ашып берсеңіз паролін де білетін шығарсыз, парольді өзгертіп, мирды өшіріп тастаңыз.

"басқа салса баспақшыл"... кейде өмірді өз ағынымен жіберген де дұрыс болады, уақыт шешеді барлығын бұл жағдайда. Әкеңіз жуас адам болса, түсінігі бар адам шығар, бәрін біліп жүргеніңізді жұқалап жеткізіңіз, туған қызысыз ғой, сізді түсінеді.

Агент! агент?! агент... қайраң менің қазағым, бұлақтың бағыты ауысып бара жатыр ау...
Мәселені ушықтырмай ғана, дереу қолға алыңыз! Алла дұрыс бағыт берсін!
өты ұтымды жауап осы деп ойлаймын, поштасын бұзып таста, агент деген ол тек еріккендердің ермегі ғой, оларда ерігіп отырып бір сәттік сезімге беріліп кеткен болар.
хех... солай болған да шығар, үлкен кісілер қалай агентке кіретініне таң қаламын... Адамның миын улап, есте сақтау қабілетін төмендететін бәле ғой агени деген, өзім жақында ғана сауықтым сол недугадан)) Джорж Душтың бір айтқан сөз бар еді "қазір мемлекеттерге білімді жастар қажеті жоқ, барлығы білімді болып бара жатса митинг, көтеріліс те көбейеді, олар осы күүндеріне қарап отыра беретіндей бірдене жасау керек, чтоб политика қай бағытта екенің түсінбеу үшін" деп айтқан, сол шын екен ғой, агент, скайп, вконтакте тағысын тағы арнайы мемлекеттін тапсырысымен жасаланып жатқандар ғой, соны терең түсінген адам ғана агенттен құтылады!
+7 дауыс
ененмен сөйлеспей ак. сол такырып жайында әкенізбен неге сөйлеспеске?
+6 дауыс
Ерке Наз, ренжімеңіз, бұл жағдай өте қиын екен, ешқандай ақыл айту мүмкін емес сияқты
неге дегенмен әке ғой. кандай сөз айтса да көтеретін,кешірімді. менинше әкесімен сойлесу керек.
Ия, мүмкін сол дұрыс шығар, бірақ  білмеймін, әкесінің мінезі қандай, қалай қарайды, қандай қарым-қатынаста? .......... бірақ ең дұрысы сол сияқты
туган әке ғой кандай сөз айтса да, кеудесінен итермейді ғой әйтеуір
Әкем өте жуас ақкөңіл кісі, анама да түсіністікпен қарайды. Ал енем де жаман емес жеңілтектеу. Сөйлескендеріне қарағанда енемнің өзі жабысып жүрген сияқты, енді қашан келесің? Сағындым деп.
+5 дауыс
оте киын екен. Осы агент деген бале шыкты коп жануяны бузып...
Төркінім басқа қалада тұрады, әкеме өзім пошта ашып берген едім, арзан әрі сөйлесіп тұрамыз деп.
+6 дауыс
Сәлеметсіз бе, Замира! Мына жағдай қиын екен...оңай емес. Бұндай жағдайда не істеп, не қоятыныңызды да білмей қаласыз. Менің ойымша, бұл мәселені анаңыз бен қайынатаңызға айтпай-ақ шешуге болатын сияқты. Өзіңіз айтқандай, әкеңіз жуас, ақкөңіл кісі болса, бір сәтін тауып, әкеңізбен оңаша сөйлесіп, шер тарқатуыңыз керек. Анаңыз бен қайынатаңызға бұл жайында айтпай-ақ қойыңыз. Анаңыздың көңіліне қаяу түсіресіз. Ал қайынатаңызды енеңізден алшақтатасыз. Сол кезде әкеңіз бен енеңіздің арасы жақындай түсуі мүмкін. Әкеңізбен сұхбаттасқаннан кейін, әкеңіз барлығын түсініп, жөнге келетін болса, бұл жағдай құпия болып қалсын... Ал егер әкеңіз сіздің айтқан сөздеріңізге құлақ аспай жатса, бұл жөнінде күйеуіңізге айтуыңызға тура келетін сияқты. Олай болып жатса, сүйікті жарыңызбен ақылдаса отырып, бір шешімге келіп, бұл жағдайдан қалай құтылу керектігін ойластырасыздар деп ойлаймын. Барлығының да жақсы болып кетуіне шын жүректен тілектеспін! Аллах жар болсын!
+3 дауыс
Замира бұл өте қиын жағдай екен,өмірде неше түрлі нәрсе де болып жатады ғой!Сіз әкеңізбен оңаша сөйлескеніңіз жөн!Анаңыз бен қайынатаңызға ештеңе айтпай-ақ қойыңыз! Ал қайынатаңызды енеңізден алшақтатасыз. Сол кезде әкеңіз бен енеңіздің арасы жақындай түсуі мүмкін. Әкеңізбен сұхбаттасқаннан кейін, әкеңіз барлығын түсініп, жөнге келетін болса, бұл жағдай құпия болып қалсын.Әкеңіз сізді тыңдамайтын болса бұны күйеуіңізбен ақылдасып,шешіңіз!Алла жар болсын осы жағдайдан аман-есен құтыларсыздар деп ойлаймын!
Күйеуіме айта алмаймын, оның ашуы жаман. Сол ашумен енеме немесе әкеме бірнәрсе жасап қоя ма деп қорқамын.
Онда әкеңізге айтуға тура келеді
+1 дауыс
Мәссаған! "Естімеген елде көп" агент жастарды былай қойып, жасы келгендерге де ауыз сала бастапты-ау. Бірде 40 жастағы апайдың агентте отыратынын естіп таң қалып ем, басыңыздағы қиын жағдай. Сіз келінсіз яғни, арадағы бітістіруші елшісіз. Не болса да сізге байланысты болады, сақ болыңыз, бұл тұрғыда еш ақыл қоса алмайды екем.... уақыт еншісіне берерсіз-ау, бірақ әкеңіз де ессіз емес шығар, тамырын басып көріңіз...
+1 дауыс
акенiз оз iсiне уялатындай барiн бiлетiнiнiздi жане бул жайда бiр шешiм шыгармай коймайтынынызды айтып хат жазып калдырыныз  (мумкiн мой мирiне)
...