" Заман қасқырлардан құралған! " , "Заман талабы Бір-бірін жеу!" , " Өмір қатыгездікпен танылады!" ---- пікірлері дұрыс-ақ, алайда ....бұл жағдайда мәселе Айналаңызда емес, Сізде болып тұр, Нұржамал. Сіз жуас- ақкөңіл - Әрқашан біреуге жақсылық жасағысы келетін нәзік жан боларсыз.....Сондықтан Сізге Айналаңыз "қатыгез" көрінбек. Біреуге Жақсылық жасап - Рахмет естімеген, жақын Досынан қорлық көрген, ешкімнен "поддержка" ала алмаған Жандарға айналасы сондай сияқтанады. Бұл өткінші нәрсе - егер өзіңіздің Өмірге көзқарасыңызды, мінезіңізді өзгерте алсаңыз. Айналаңыз Сізді қызғанар - бұл қалыпты жайт. Олардың бұл ісін Бойыңыздағы жетістік деп біліңіз. Себебі, Ел қандай да бір ретте өздерінен артық іс жасай білген "лидер" - ді қызғанбақ. Достарыңыз сөйлеспейтін болар - Олардың да өз өмірі бар. Бәрін Сізге арнай бермес. Ұрлықшыға жолыққан шығарсыз - Екінің бірі ұрлыққа ұшырайды. Мазаққа қалған шығарсыз - Екінің бірі Келеңсіз жәйттерге ұшырайды.( Мен де) Бір салада үлгере алмай қалған шығарсыз - екіншісі қолжетімді, үлгерімді болады.Қысқасы: Өмірге реалистік сынмен қараңыз! Сізді лүпілдетіп, қолда ұстар Жан Ана - Әке - Ғашығыңыз ғана...Ешкімнен шынайы ілтипат көруге асықпаңыз.Әркім Өзіне - демекші, Өз өміріңізбен Өмір сүріңіз!!! ___ Әділдік мәңгі емес. . . Тұла - бойыңызды оптимистік реңкке толтырып, денсаулығыңызға қарап, ұсақ-түйек нәрсеге мән бермеуге тырысыңыз, Нұржамал. Есіміңіз де әдемі екен, нағыз Қазақтың ару қыздарына тән есім. Айналаңызға Тым сенімсіздік білдірмей жүруді де жат қылық деп санаңыз. Әр нәрсе өз орнымен. ....және де иманға көз жүгіртіп, жаныңызда, санаңызда тыныштық орнатыңыз, қапаланбаңыз - бәрі Керемет! :)