+3 дауыс
4.9k көрілді
Жөтелден қалай арылуға болады?

Күнбағыс майының пайдасы мол, деп жазады «Массагет» порталы. Оның, тек жөтел ғана емес, бірқатар дертке шипалы екенін оқырман назарына ұсынамыз.

Артроз
Артроз асқынып, тізе буындары қатты ауырса, күнбағыс майын пайдаланған жөн. Ол үшін балдыр ұнтағының бір бөлігін күнбағыс майымен жақсылап араластырып, дайын болған соң ауырған жерге жағыңыз. Содан кейін үстін жылы матамен орау керек. Бұл әдісті ауырсынуды басатын дәрі орнына қолдануға болады.

Тамағыңыз ауырса
Алоэ шырыны мен күнбағыс майын бірдей көлемде алып араластырыңыз. Дайын қоспамен тамағыңызды шайыңыз. Ал егер тонзиллит, ларингит секілді күрделі тамақ ауруларына тап болсаңыз, онда тазартылмаған күнбағыс майын сарымсақ сөлімен араластырып, ингаляция жасаңыз.

Жөтел
Жөтеліңіз тоқтамаса, мұсатырлы спирт пен күнбағыс майын 2:1 қатынасындай етіп араластырып, дайын қоспамен көкірегіңізді сүртіңіз.

Мастит
Кішігірім ыдысқа лалагүл мен күнбағыс майын салып, жақсылап араластырыңыз, шамамен 10 минут су жылытқышқа қойып қайнатыңыз. Суыған соң тұнбаны алып, кеудеге жеңіл массаж жасаңыз.

Аяқтағы қан айналым бұзылса
Мұндай жағдайда лавр жапырақтарынан майлы тұнба дайындау қажет. Ол үшін 2/3 стақан ұнтақталған лавр жапырағына бір стақан күнбағыс майын қосып, қараңғы жерде 6 күн ұстаңыз. Содан соң жылы ванна дайындап, аяқғыңызды осы майлы тұнбамен сүртіңіз.

Табанда ойылған сызаттар пайда болса
Күнбағыс майын су жылытқышқа салып қайнатыңыз. Қайнатып алған соң суығанын күтіңіз. Дайын болғаннан кейін осы майдың көмегімен табандағы, өкшедегі ойылған сызаттардан арыласыз.

4 жауап

+3 дауыс

Жақсы жауап
Көк жөтелден арылу үшін күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады, аздап қант қосып ішеді.

Құрғақ жөтелден арылу үшін бал, таңқурай, қаражидек қайнатпаларын қолдануға болады. Дәрігер Комаровский балаларға емді өздігіңізден тағайындауға тыйым салады. Егер жоғары тыныс жолдары ауруларын муколитиктермен емдесеңіз, ол құрғаө жөтелді күшейте түседі. Сонымен қатар дене қызуы көтерілсе және бала тоқтамай жөтелсе, бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Оған қоса өкпе қабынса немесе жұпалы ауруға шылдықса, мұндай дертті тек маман ғана емдей алады. Дәстүрлі халық емін қолданудың қажеті жоқ.

Балаладағы құрғақ жөтелді жеңілдету үшін бөлме ауасын ылғалдандыру керек. Ауаның ылғалдандыруымен қатар жүрген емдік шаралар қақырық түсуін, құрғақ жөтелді емдеуді тиімді етеді.

Егер дене қызуы көтерілмесе, таза ауада серуендеудың пайдасы мол. Тіпті, қыс уақыты болса да.
+5 дауыс
Жөтел әрбiр адамға қарапайым, уақытша ауру сияқты көрiнгенiмен өкпеге микров талшықтары жиналатын кезең. Менiң ойымша кун сайын таңертең ашқарынға үлкен қасықпен 1 қасық ит майын жылытып iшу керек.
ит майыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы???!!! өзіңіз ішіп көрдіңіз бе? күніне әрбір адам бір ас қасық ит майын ішсе құдайым ау әлемді ит қалмайиын шығар... Алла Алла Алла, жүре берсең көре бересің деген осы екен ау.... құдайым сақтай көр.... ал ем болсын!
))) Мен ойдан шығарғам жоқ, халық емшiсi Сайд Юлдашәлiнiң кiтабында солай жазылған. Өсiмдiктер мен жануарлардың емдiк қасиетiнде шек жоқ екен ғой. Қазiргi медицинадан артықшылығы олардан жасалған дәрi екiншi ағзаға терiс әсер етпейдi екен.
Белгісіз
халық емшiсi Сайд Юлдашәлi

21 ғасыр............жоғарғы технология.........дамыған медицина......

Емшіге сену қалып ед...
+5 дауыс
амбро уколы жақсы көмектеседі.
+1 дауыс
Жөтелдің екі түрі бар. Құрғақ , ылғалды. Қайсымен аурасыз?
О жағын білмедім.!
Белгісіз
қақырық бар ма жөтелгенде әлде құрғақ жөтелесіз бе. Екеуінің емдері екі түрлі ғой. сосн сұрап жатрм№

Ұқсас сұрақтар