+2 дауыс
15.0k көрілді
Тажал деген не?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың "тажал" дегені "Дәжжалдан" шыққан ғой.

"Дәжжал" сөзі - өтірікші, алдампаз деген мағынаны білдіреді.

"Дәжжал" - Адам атаның ұрпағынан шыққан жан. Аллаһ тағала оған бірнеше ерекше мүмкіндіктерді беріп, оны адамдарға сынақ үшін жіберген. Пайғамбарымыз үмбетінің Дәжжалдың ылаңынан аман қалуы үшін бізге оны сипаттап, әрі одан құтылудың жолдарын үйретіп кеткен. Оның сипаттарына келер болсақ, ол - қызыл өңді, қысқа бойлы, қисық аяқ, бұйра басты, ашық маңдайлы, жуан мойынды және оң көзі соқыр ер адам. Оң көзі солған жүзім сияқты, кіріп те кетпеген, әрі шығып та тұрған жоқ. Сол көзін шел басқан. Екі көзінің арасына арабша "к" - "ф" - "р" деп немесе "кәпір" деп жазылған. Оны сауаты болсын, болмасын әрбір мұсылман оқи алады. Сондай-ақ Дәжжалдың ұрпағы болмайды.  ("Ақырет өткелдері" кітабынан)

Дәжжал туралы бірнеше хадистер бар.

+3 дауыс
Тажал - өлім мағынасын білдіреді.
Тажал мен ажал бөлек шығар. Сұрақ қоюшы Тажал емес, Дажжал емеспе?

Байланысқан сұрақтар табылмады

...