Міржақып Дулатұлының "Жастарға" деген өлеңін талдап бересізбе?

+3 дауыс
13.5k қаралым
Жастарға деген өлеңін буынға, бунаққа, ұйқасқа талдап беріңіздерші достар

Жастарға
Найзаменен түртсе де,
Жатырмын,қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой,Алла-ай!
    

Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?


Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып  жұртқа қақсамай?


Халыққа,жастар,басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
Кітап, Әдебиет

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Бұл - 4 шумақты, 16 тармақты, 7 буынды, 3 бунақты өлең. Ұйқастың түрі - кезекті ұйқас (а, ә, б, ә).
Найзаменен түртсе де, - а
Жатырмын, қазақ, оянбай. - ә
Мұнша қалың ұйқыны - б
Бердің бізге, ой, Алла-ай! - ә
КӨП КӨП РАХМЕТ
Осының бәрін талдап көрсетесізбе?
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы