Бұл жерде Арслан Футболға еш қарсылық айтып отырған жоқ. Жігіттердің ішінде доп қумағаны некен-саяқ, сондықтан бәрі дерлік футболды жақсы көреді. Бірақ сол футболды жақсы көремін деп мағанасыз, мылжың сұрақтар қоя беру футболдың көсегесін көгерте ме, жоқ әлде осы сайттың көсегесін көгерте ме осы жағын ойлану керек деген шығар. Әрі сайт бірыңғай спорт бағытындағы, немесе тек жігіттерге ғана арналмаған ғой. Тағы бұл ескерту тек қана футбол туралы ғана емес, барлық қайталанған, мағанасыз, түсініксіз сұрақтардың бәріне айтылған деп түсініңіздер. Бұл жерде апаңмен, папаңмен, админмен бірге футбол көргеніңді айтып, қоқан-лоқы жасау сыпайылап айтқанда ақыл таяздық. Сондықтан анау-мынау деп бір-бірімізді қаужағанша қатесіз,мағаналы сұрақтар қоюға, сол сұрақтарға мәнді жауаптар беруге тырысайық.Қазақта "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,өспес елдің баласы ..."-деген мақал бар.Сондықтан бәріміздің ұстағанымыз бір терінің пұшпағы болғанан соң жан- жаққа тартқыламай, бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып, сайт мүддесі үшін жұмыс қылайық жігіттер. Арсланға ренжіудің еш қажеті жоқ,ол өз міндетін атқарып отыр. Ал соңғы кездердегі белсенді қолданушылардың көбінің өздерінің де кате жазатыны,міндеттерін жете түсінбейтіндері рас, оны Админ өзі реттей жатар.