Ауруыма не себеп екен?

+3 дауыс
1.4k қаралым

Соңғы кездері ұйқыдан тұрған сәтте белім бір ауруды сезінетін болып жүр. Өзім бүйректің әсерінен шығар деп ойлағанмын. Бірақ жаңа бір танысымнан аурудың себебі басқа болу мүмкін екенін білдім. Ол: "екі омыртқаның арасына ет қыстырылып қалса, бел солай да ауырады екен" деді. Дәрігерге де барармын, бұйырса. Сіздерден де кеңес сұрамақпын. Не айта аласыздар?

Тазалық

3 жауап

+4 дауыс
ойланатын түгі де жоқ дәрігерге бару керек.сіз анадан-мынадан сұрап жүргенде ауруыңыз асқынып кетуі мүмкінэ"азақтар өлуге бір күн қалғанда дәрігерге барады" деген осыдан шыққан ғой.
+4 дауыс
Дәрігерге тез көрін,асқынып кетпесін
+4 дауыс
Расында да, бүйрек ауырғанда кейде ұйқыдан тұрғанда беліңізде ауырлық сезіледі. Сіз айтып отырған ауруда (остеофит) және омыртқа жарығында да (грыжа) бел тұсыңыз сыздап ауруы мүмкін. Дегенмен соншалықты жаман ойлауға болмайды. Мүмкін күні бойы дене еңбегімен  шұғылданған шығарсыз. Ондай кезде ертеңіне денеңіз ауыр тартып тұрасыз төсектен. Ештеңе етпейді! Тек жалпы бел тұсыңыз көп ауыратын  болса,  ауыр жұмыстар істемегеніңіз жөн... Ауырмаңыз, жазылып кетіңіз!

Әмин. Айтқаныңыз келсін.

127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы