Агент менің қолымды ұзартты. Себебі: қанша жыл көрмеген адамдармен хат алыстым, хабарластым. Ал, агентке байланып қалған түгім жоқ. Онсыз да өмір өте береді, мен де өмір сүре беремін. Агент ұялы телефонға қосылғалы бері жастардың, жасөспірімдердің санасын байлап алған секілді. Шынымды айтсам, мектепте кейбір мұғалімдердің өзі "Тыныш қана агенттеріңе кіріп отыра беріңдерші, мен бір жерге барып келейін",- дейді.