+5 дауыс
430 көрілді

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәлеметсізбе Ербол мырза!!! Сіздің DVD-жетегініздің CD дисктерді оқымай қалу себебі мынада: оптикалық мұнарада (дискті оқитын құрылғы) екі лазер  және ол екеуін басқаратын бір ғана датчик бар. Сіз егерде байқап қарасаңыз ол жерде D - DVD және C - CD деген бар немесе 1 және 2 сандар бар.1) Оптикалық мұнараңызды жай ғана бұрасаңыз (күшке салып емесsmiley) оқу ықтималдығы туындайды. 2) Екінші жағдай радиобөлшектер сатылатын дүкенде CONTACT-60 атты балончикті алып, оптикалық мұнараны тазалаңыз (бұл әдіс 80% көмектеседі). Тазалаған уақытта оптикалық линза және датчикіңіз тазаланады. 3) Егер жоғарыда айтылып өткен жағдайлар көмектеспесе DVD - жетек алмастан оптикалық мұнараны сатып алуыңызға кеңес беремін (себебі DVD жетектен әлде қайда арзан).

+2 дауыс
Мәссаған сайты тағы жабылып қалыпты ғой.Жалпы онда Сера бастаған жігіттер компьютер жағын шәкілдеуікше шағады.Сайт ашылғанда сұрасаң бір ғана Серада 30-40 бағдарлама бар.
...