бұл ауру емес пе?

+2 дауыс
391 қаралым
кейінгі кезде мүлде музыкасыз жүрмейтін болыппын,сабақта отырсам - музыка, ұйықтауға жатсам - музыка, көшеге шықсам - музыка.тәуелділік сияқты...ауру емес пе?
Жалпы ән туралы

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Абай атамыз жырлап кеткен екен!

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән меен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй! -деп. Жақсы тамаша ән адамды күлдіреді, жылатады, қуантады, жұбатады. Менің көзқарасым жаман емес, әнді мен де қайда жүрсем де тыңдап жүремін, компьютердің алдында жұмыс істеп отырып ән тыңдаймын. Ең жақсы көретінім университеттен жалғыз жаяу қайтып ән тыңтап қайту. Кішкене mp3 ойнатқышым бар, қалтамнан түспейді. Музыка ауру немесе тауелділік емес. Өмірдің өзі музыка. Міне мына өлең осы сөзіме дәлел.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы