+3 дауыс
4.9k көрілді
Алдағы Қазақ елінің болашағы туралы ойыңыз?

3 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Алдағы қазақ елінің болашағы жарқын болса деп тілейміз,әрине!...Бірақ қазіргі қоғамда кемшілік жетіп артылады.Бүгін өзімізді түзей алмай жүргенде, болашақ ұрпаққа қандай мұра қалдырып кететіндігімізді ойлаудың өзі қиын.Жеріміз сатылды, коррупция жеңді, Оңтүстігімізді өзбек, Батысымызды Қытай жайлап, әмірін жүргізе бастады.Қазақ тілінің,салт дәстүріміздің қадірі қалмады.Демократия түбімен жойылып, елімізді жемқор басшылар биледі.Баланың басынан сипағандай қылып алдап, құр уәдемен құрдымға жіберетін жемқорлар болып жиналып жеп жатыр.Осыларды айтқысы келіп ауызын ашқан адамды патшамыз атқызып, әділдікті аңсап жүргендерді тақырыпты теріс айналдырып ''бұзақылар'' деп қырып тастады.Ең маңыздысы жерімізді қорғап қалуымыз керек.Жерімізді қытайға бермеуіміз керек,жалпы кіргізбеуіміз керек.Олар өте көп,және қауіпті халық.Бір күндері оларға кет деп айтудың өзі кеш болады.Сұрақ иесі ренжімеші, жақсы жауап күткен шығарсың,бірақ ақиқаты осылай.Бүгін Қазақстанды реттеп алсақ, ертеңіміз жақсы болады ғой.
Айтқаныңның бәрі рас...қайтеміз...болашаққа біз қадам баспасақ осы қалыпта қалама деп қорқам!
+4 дауыс
Қазақ елінің болашағы жарқын болады деп ойлаймын! Сандаған ғасырлар бойы ата-бабамыз армандап кеткен тәуелсіздігімізді алдық, егемен ел болдық. Аллаһқа шүкір, Қазақстан халқын бүкіл әлем танып жатыр. Біз өмір сүріп жатқан күнді, яғни, осы сәтті мыңдаған, миллиондаған адамдар арман етті. Тіпті осы күн түстеріне де кірмеген болар. Менің айтайын дегенім, Қазақ елінің болашағы - жастардың қолында! Осы күнге дейін "қазақ" атын өшірмей, қазақ елін әлемге паш етіп келген аға буын өкілдеріне алғысымыз шексіз! Енді біз, жастар, қазақ халқының болашағының жарқын болуына өз үлесімізді қосуымыз қажет! Еліміздің сан ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігі мен елдің тыныштығын, бейбітшілігі мен достастығын, тіліміз бен тарихымызды, дініміз бен ділімізді мәңгі сақтап қалуымыз керек!!! Егер жастар еліміздің бұдан әрі өркендеп, өсіп, дамуына тер төгетін болса, Қазақ халқының болашағының жарқын, тәуелсіздігінің ғұмырлы, елінің тұғырлы болатынына мен сенімдімін!
~  Болсын - болсын!!!       ...Жарайсың. +1.
Рахмет! Әмин, айтқаныңыз келсін!
Солай дейік және солай боларына сенейік!!!
+3 дауыс
Ұлы держава боламыз Футбол дамиды Қазақ тілі әлемде №1 тіл болады деп ойлаймын
Рахмет бауырым позитивті жауабыңа! Кұдай қаласа жетерміз оғанда! Ол біздіңі қолымызда!!!
Сағанда рахмет
...