+1 дауыс
334 көрілді
Бәріңе сәлем. Маған сайт туралы айтып бересіздер ме?

2 жауап

+3 дауыс
Жоғарыдағы оң жақтағы FAQ-Көмегін оқып алыңыз)))
+4 дауыс
Сұрақ және Жауап сайты дегеніміз не?
Сұрақ және Жауап сайты — бұл түрлі тақырыпта сұрақ қойып оған жауап алатын орта, мұнда сіз қойылған сұрағыңызға іздеу боттарынан емес тірі адамдардан жауап аласыз. Кейде мұны «Тірі іздеу» деп атайды. Сіз де басқа қолданушылардың сұрақтарына жауап бере аласыз және сіздің сұрағыңызға берілген жауаптардың ішінен Жақсы жауапты таңдай аласыз. Сіз қаншалықты белсенді болсаңыз, тиісінше сіздің қолданушылар арасындағы деңгейіңіз арта береді, ол кезде сізге көптеген мүмкіншілік ашылады.

Араласыңыз! Білетін ақпаратыңызбен бөлісіңіз және түрлі тақырыпта сұрақ қойыңыз. Сіз міндетті түрде жауап табасыз.
Сұрақ және Жауап сайтында тіркелу міндетті ме?
Тек тіркелген қолданушылар істей алады:

    Сұрақ қоюға
    Сұрақтарға жауап беруге
    Қолданушылар белсенді деңгейі қатарында болуға
    Ұнаған сұрақтарды жеке «Таңдалғандар» бөліміне қосып қоюына (алдыңғы жаңартуда іске қосылады)
    Жауаптарға төмен немесе жоғары дауыс беру
    Қолданушыға жеке хат жіберу
    Жауаптарға пікір қалдыру


Тағы да көптеген жаңартулар іске қосылатын болады, ол мүмкіндіктерді тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады. Тіркелмеген қолданушылар тек "Сұрақ және Жауап" сайтындағы жарияланған сұрақ және жауаптарды оқи алады.
Қалай сұрақ қоямын?

Сұрақты тек тіркелген қолданушылар ғана қоя алады.

Сұрақ қою үшін:

    Бас беттегі «Сұрақ қою» өрісіне сұрақтың негізгі бөлігін жазып, Enter батырмасын шертеміз.
    Келесі ашылған бетте сіздің сұрағыңызға ұқсас сұрақтар бар ма екенін тексеріңіз.
    Егер ұқсас сұрақ табылмаса, онда сұрағыңызтуралы анықтаманы төменгі өрісте толық бере кетсеңіз болады.
    Сұрақ орналасатын Санатты таңдаңыз, сайтымызда Субсанат бар.
    Сұраққа қатысты «Ілмектер»-ді енгізіңіз. Оның саны 6-дан асып кетпеуі тиіс.
    «Сұрақ қою» батырмасын шертіңіз.

Сұрақ қойғаныңыз үшін сізге 2 балл қосылады. Сұрағыңызды нақты толық түсінікті етіп қоюға тырысыңыз. Сұрағыңыз түсінікті болса, алатын жауабыңыз да көп болады.

Есіңізде сақтаңыз – қойылған сұрақты өшіре алмайсыз. Қажет жағдайда істей аласыз:

    «Өңдеу» батырмасын шерту арқылы сұрағыңызды өңдей аласыз
    «Жасыру» батырмасын шерту арқылы сіз сұрақты жасыра аласыз, егер сайт админі өшірілуін қажет деп тапса ғана сұрақ толық өшірілетін болады. Оған дейін сұрақ жасырылынып арнайы орында сақталады.

Қалай дұрыс сұрақ қою керек екендігі туралы Кеңес! Мына сұрақтарға назар аударыңыздар: 1 , 2 , 3

Сұрақтарға қалай жауап беремін?

Сұраққа жауап беру үшін:

    Сұрақ бетінде «Жауап беру» батырмасын шертіңіз.
    Алдыңызға шыққан мәтінді өңдеу терезесінде өзіңіздің жауабыңызды жазыңыз.
    «Жауап қосу» батырмасын шертіңіз.

Әр жауапқа сіз +3 балл аласыз. Егер сұрақ қойған қолданушы сіздің жауабыңызды «Жақсы жауап» деп таңдаса, сіз тағы да +10 балл аласыз.

Есіңізде сақтаңыз – берген жауабыңызды өшіре алмайсыз. Қажет жағдайда істей аласыз:

    «Өңдеу» батырмасын шерту арқылы жауабыңызды өңдей аласыз
    «Жасыру» батырмасын шерту арқылы сіз жауабыңызды жасыра аласыз, егер сайт админі өшірілуін қажет деп тапса ғана жауап толық өшірілетін болады. Оған дейін жауап жасырылынып арнайы орында сақталады.

Балл алу жүйесі және Атақ-дәреже деңгейі (жағдайға қарап әлі де өзгертілуі мүмкін)

Сайтты қолдануды қызықты әрі тартымды ету үшін сайтта түрлі амал-әрекеттерді орындай, яғни сұраққа жауап беру, сұрақ қою, жақсы жауапты таңдау, дауыс беру арқылы сіз арнайы бекітілген баллды жинайсыз. Солай сіз өзіңіздің қаншалықты белсенді екендігіңізді және сіздің жауаптарыңыздың қаншалықты маңызды екендігін көрсетесіз. Балл жинау арқылы сіз Атақ-дәрежеңіздің деңгейін өзгерте бересіз және қолданушылар арасында алдыңғы қатарға шығасыз.

Алдыңғы жаңартуда көптеген жаңа мүмкіндіктер қоспақшымыз. Ол кезде сіздің жинаған баллдарыңыздың рөлі ерекше болмақ.

Сұрақ және Жауап сайтында тіркелген әр қолданушының жеке бетінде жинаған баллы көрсетілген. Сайтта алғаш тіркелгенде автоматты түрде +50 балл қосылады. Әр қойылған сұраққа +2 балл алады. Әр жауап берген жауабына +3 балл қосылады. Әр дауыс бергеніне +1 балл.

Бағалау (Балл жүйесі)

    Сұрақ қойғанға: 2 балл
    Сіз сұрағыңызға жақсы жауап таңдасаңыз: 5 балл
    Жауап бергенге: 3 балл
    Сіздің жауабыңыздан кейін жақсы жауап болып белгіленсе: 10 балл
    Сіздің жауабыңызға жоғары/төмен дауыс:± 1 балл
    Жауапқа жоғары дауыс: 1 балл
    Жауапқа төмен дауыс: 1 балл
    Барлық қолданушыға бастапқы балл қосу: 50 балл

Атақ-дәреже аттары мен қанша балл жинау керектігі

    Профессор - 4,000 балл
    Данышпан - 3,000 балл
    Доцент - 2,000 балл
    Кандидат - 1,500 балл
    Ойшыл - 1,300 балл
    Шебер - 1,200 балл
    Аға оқытушы - 1,000 балл
    Оқытушы - 750 балл
    Мұғалім - 500 балл
    Студент - 300 балл
    Оқушы - 150 балл
    Бүлдіршін - 100 балл


   6. «Жақсы жауап» дегеніміз не?

Қойған сұрағына қолданушы, басқа қолданушылардан бірнеше жауап алуы мүмкін. Қалай сұрағына жауап алған соң, алынған жауаптардың ішінен қолданушы «Жақсы жауап»-ты таңдай алады. Олай ол өзінің сұрағына алынған жауаптардың ішінен ең жақсысын таңдай алады. Егер сұрақ қоюшы қолданушының сұрағына бірнеше жауап алынып, 4-5 күннің ішінде «Жақсы жауап»-ты таңдамаса, онда сайт админі немесе сайт модераторлары сұраққа жақсы жауапты таңдай алады. Жауабы жақсы деп танылған қолданушыға +10 балл қосылады. Ал сұрақ қоюшы өзінің сұрағына «Жақсы жауап»-ты таңдау арқылы өзіне +5 қосады.
Менің сұрағыма жауап алынғандығы жөнінде қалай білемін?

Жауап алынған мезетте сіздің тіркелген кездегі көрсеткен е-майл-ға хабарлама ретінде хат жөнелтіледі. Сонда жауаптың мәтіні барады. Жауапқа пікір қалдыру үшін сонда көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, Жауапқа пікір қалдыруыңызға болады және де «Жақсы жауап»-ты таңдай аласыз. Менің аккаунтым батырмасын шерту арқылы, сонда өзіңіз көрсеткен е-майл-ды өзгерте аласыз.
Неге менің сұрағым немесе жауабым, пікірім өшірілген?

Сайттың ережесіне байланысты сайт админі немесе модераторлар ақталуға міндетті емес. Біз өшірілуге тиісті деп тапқан сұрақ немесе жауапты өшіреміз, себебі ол сұрақ немесе жауап сайттың ережесіне қайшы келді. Қолданушының ережені бұзғандығына қарай модераторлар оның сұрақ пен жауаптарын өшіруден бөлек ол кісіні құлыптап қоя(Бан) алады. Тағы да бір рет Сайт ережесімен танысып шығыңыз.

Рұқсат етілмейді (Өшіріледі) Сұрақ және Жауап:

    Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі дін тақырыбындағы сұрақтар оңай емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды Қаттани атындағы Мешіттің ұжымына қойсаңыздар болады.
    Сайттың әкімшілігіне айтылған жамандау, намысына келетін, дөрекі т.б. сөздер
    Қиын оқылатын, сауатсыз жазылған сұрақтар мен жауаптар. Мысалы: "olaiiiiiiii emes", "бҰЛаЙ еМЕс"
    Бос сұрақтар, Мысалы: «Қалың қалай?», «Кім не істеп отыр?» және сол сияқты
    Мағынасы жоқ, пайдасыз Жауаптар! Мысалы: "Әрине солай!", "Білмеймін", "Маған бәрібір", "Ал саған не керек?"
    Сұрақ емес сұрақтар, яғни оның нақты жауабы жоқтар. Жауабы мынадай болатындар. Мысалы, «Өмір жақсы!», «Ал мен бүгін кешігіп қалыппын», «Суретіме баға беріңіздер»
    Қайталанған Сұрақтар мен Жауаптар
    Жарнамаланған сұрақтар мен жауаптар. Арнайы жарнама беретін сайттар бар. Жарнаманалған сұрақ, мысалы: «Кім менің Нокиа 6303 маркалы ұялы телефонымды сатып алады?» және т.б.
    Жеке басқа қатысты сұрақтар. Мысалы: «Мен сіздерге ұнадым ба?», «Мен негізі сүйкімдімін, солай ма?» және т.б.
    Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар
    Алкаголді сусындар мен есірткіні жарнамалайтын сұрақтар мен жауаптар
    ҚР-ның заңдарына қарсы сұрақтар мен жауаптар
    Зиянды сілтемелері бар сұрақтар мен жауаптар, яғни вирусы бар сайтқа сілтеме жасалған
    Сұраққа мағынасы мен мазмұны басқа жауаптар
    Ізет немесе Тілмаш арқылы тікелей мағынасыз аударылған Сұрақтар мен Жауаптар
    Сұрақтың түсініксіз қоюылуы. Сұрақ не туралы жөнінде білу үшін сұраққа шертіп келесі бетте сол сұрақ туралы толық оқитын. Мысалы: "Бұл не?", "Сұрақ ішінде", "Көмектесе аласыздар ма?"


Алып-қосарыңыз болса Кері Байланыс арқылы сайт әкімшілігіне хабарлассаңыз болады.
...