Мен бір учаскеде бақылаушы болып отырдым. Сайлау әділ өтті. Яғни, факт ретінде. Таңғы 6-дан, түнгі 12-ге дейін отырдық. Бақылаушылар әр жерден келген, шет елден де болды. ОБСЕ өкілдерінен келгендер болды Еуропа елдерінен. Бірақ дейтін, НұрОтан партиясына дауыс берген 80 процентке жуық халықты, тек осы партияға дауыс бересің деп қинаған ешкім болмағаны анық қой. Сайлаудың әділ және әділ емес өтуі ол әркімге әрқалай мағынаға ие.
Меніңше, алдындағыдай 90 проценттен астам дауысқа ие болмаса да, 80 процентке жуық бір үкіметтік Партияның дауыс жинауы, ол қуаныш емес. Ол тіпті жеңіс те емес. Жеңіс болмаған соң, оны тойлап та қажеті жоқ тамақтарын жыртып. Басқа париялардың дауыс жинай алмауы, ол да ұят нәрсе сияқты. Менің ойым осылай.