12 жылдыққа көшу дегеніміз әлемдік стандартқа ену. Барлық елде 12 сыныптың білім жүйесі болғандықтан, біздің елде де осы 12 жылдық білім жүйесіне көштен қалмай көшуге тырысып жатыр. 11 сыныптық болғанның өзінде көпшілік оқушылар 9-сыныптан соң колледждерге оқуға түсіп кетіп жатар. Ал, 12 жыл болғанда тіпті барлығы 9-бітіріп кететін шығар. Атап өткенімдей, 1-жетістігі: әлемдік стандартқа икемделу, басқа жағымды жақтарын көріп отырғаным жоқ. Егер де соңғы 12-жылы мамандыққа икемдеп, белгілі бір құжатты игертіп, жұмысқа орналасуға "+" болса, онда бұл көпшілік үшін тиімді жүйе болмақ. Қазір бұл жүйеге көшу үшін еліміздің материалдық базасы( оқулықтар, т.б) жетіспегендіктен, кейінге қалдырылып жатыр. Бұл жүйені енгізген соң, өзге бір жағдай қарастырылып, 9-жылдан соң колледждерге кетуге тиым салмаса...12 жылға қалатын адам мүлде болмауы мүмкін. Өйткені осы 3-жылдың ішінде бір білдей мамандықтың табақтай дипломын қолыма ұстап шықпаймын ба?!-деген де ой қалыптасады!