+2 дауыс
2.7k көрілді
Кішкентай бала кезіңізде қандай бала болдыңыз? Мен кішкентай кезімде тентек бала болғанмын! Ұялмай айта отырыңыз? қандай бала болдыңыз?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кішкентай кезімде еркін болған бәрі, өте жақсы ед. Айналамда жақсы адамдар көп болды, әсіресе орыс ұлтының адамдарының кішкентай балаға қатынасы ұнайтын. Анам қарапайым еді, сондықтан ешқашан дауыс көтермеген қайта ақылсыз әрекеттеріме сүйсіне қарайтын көрінеді қазір ойлап отырсам, ал әкем бұзық болған ау жас кезінде, оның достары көп еді, солармен еріп кететінмін. Сосын атам болған. Ия ия менің негізгі атам өте алыста тұрған, сосын біздің отбасымызда кездейсоқ танысқан кейін маған ата болып кеткен үлкен ата тұрды. Ол кісі өте мықты, көпті көрген әрі қолынан көп іс келетін адам болған, жүргізуші еді. Соның кабинасында жүріп талай жерді қыдырып жүретін кез күшті еді. Сол қарқынмен еркін өстім. Қандай іс ұнаса, соны меңгеріп кету жеңіл болатын, қысқа уақытта меңгеріп алатынмын, бірақ соңына дейін жеткізу әлі мүмкін болмай жүр қай іс болсын. Бұрын жақсы қатынасқан адамға қолымдағыны да бере салатынмын, ал қарсыласқанды соңына дейін жер қылмай тынышталғым келмейтін. Қазір оның дұрыс еместігін сәл түсіндім. Қолыңдағыны кез-келген адамға бере салуға болмайды екен, ал қарсыласқа адамның бәріне сондай жауап беру дұрыс емес екен, қоя салу немесе түсіністікпен сөйлесуге шақыру, болмаса соңына дейін кімдікі дұрыс екенін қандай жолмен болса да анықтау.
Сәл есейгенде белгілі уақыт аралығында қиын жағдай болды отбасында, сол себепті барлық еркелік пен еркіндік тыйылды. Сол жағдайлар бәріне нүкте қойғандай ед. Маған ол жағдайлардың ешқайсысы көңіл қалдырмайды, көңіл қалдыратыны, егер өз бетіңмен бір істі тындырғанда немесе жеткен жетістігің болғанда, кәдімгідей көре алмайтын адамдардың әрекеті ренжітіп тастайды. Уақыт өте келе, тіпті ешкіммен араласпай қою жөн сияқты көрінді. сосын мына бала момын дейтіндер пайда болды, ал шындығында барлық сезім іште бұрқырап жататын.

Болашақта, мен өз баламды еркін өсіргім келеді, моральдық тәртіп және салт-дәстүрден кішкене түсінік беріп, жақсы азамат болуына жағдай жасағым келед, жәй ғана жол сілтегім келед. Бұл жерде маңыздысы дәл қазіргі кезде өзімнің аяққа тұрып кетуім.

Кейбір адамдар ойлайды бала тәртіпсіз деп, дұрыс көңіл бөлінсе, олар тәртіпсіз емес, олар еркіндікті қалайтын тұлғалар. оларға кедергі келтірмеу керек. Қарсы жағдайда, "тәртіпсіз" болып көрінеді. Адам өмірге жаңа келгенде, ол барлық нәрсеге бейім болады, бастысы оны ұяда кімнің қалай тәрбиелегенінде сияқты.

Жақсыдан жаман туса - емі болмас, жаманнан жақсы туса - теңі болмас немесе асықты асық деме - салмағы болса - сақа болар, баланы бала деме, ақылы болса - аға болар.

Ұлттың мықты азаматтарын кішкентай балаға оқытып үйрету, олардың көздеген мақсатын түсіндіре білу, сонымен қатар адамзатқа ортақ адамгершілік түсінік пен моральдік тәртіп, жомарттық, ақкөңілділік пен жігерлілік - адамға ең керектісі осылар сияқты. Кішкентай бала қолындайғы айфонымен емес, осындай қасиеттерімен бағалануы тиіс.
+3 дауыс
Балалық кезде есте қаларлық нәрселер болған жоқ, 2-3 рет қырылғаным бар, боолды, сосын апайым күнделікке 2 қойып берсе, оны кілемнің астына тығып қоятын едім, апай күнделігімді алып қалт деп!!! 1-4 ке дейін 2-3ке оқыдым, 5тен бастап 4-5 ке оқып жүрм 5көбірек тфәй-тфәй)!!!!
+2 дауыс
Кұттай кезімнен болтун болдым, мектепте не болғанын бәрін үйге жеткізем., Қазірде солаймын. Әңгіме айтып отырып,тамақты соңынан ішем.  Ойынның қабы болдыққо. 6 қаңылтыр, футбол, пароль, банки-палки, пятнашка, тығылспақ, двордың не ойыны бар соның бәрін ойнайтынмын.

Чики брики
Палец выкинь....

Пятна,не пятна,пятна, не пятна...

А си си си
А жу жу жу
А си,а жу
И айлавю...

Деп жүретін қайран балалық...

Сосын тағы бірдеңе..
Қыздардікі
колыма кызыл жіппен браслет байлап алатынмын. Сосын соны шешпей 3 күн жүресің...  
3 кызыл машина, з екіқабат әйел көруің керек. Сосын ұнатқан жігітіңнің, ең соңғы 5ші кұттай саусағымен үздіресің, сонда арманың орындалады дегенге сенетінбіз. Бірақ балдар,қыздарды қуып жүріп ұстап алып, жібін үзіп тастайтын.  Соған жылап қалатын.
)))) жіләдім балалық кезім есіме түсіп кетіп
0 дауыс
Құттай кезімде тентек болдым. Біреулердің баласын жылатып, машина ойыншықтарын тартып алатын едім. Сосын көрші апалы-сіңлілі екі қыз, менің апам төртеуміз төрт жерге отырып алып арман ойлайтын едік. Зуби, зуби ,тығылыспақ, көзжұмбақ, "есен қабан, третий сазан, майға піскен қаранан" деп ойнайтын болдық. Бала кезіңді айта берсең, қызықтары көп
0 дауыс
Мен де сіз сияқты тентек болғанмын))), әрі ерке))...  Аулада көбіне, ұлдармен футбол ойнайтынмын..))) қызыққа толы күндер болатын... әттең, екінші мүмкіндік болса ғой... сол кездерге оралатын... кейде бала болғым келіп кетеді, ешкімде шаруасы жоқ қарны тоқ болса болды жүре беретін.... Қазір де еркелегім келеді, бірақ бой жеттік дегендей... Ешкім бізді қазір еркелетпейді... Сол кішкентай балалық шағымыз, уайымсыз,  бақытты кездер  екен ғой....((
0 дауыс
Сұмдық тентек болдым,еркелік-ау деймін.
...