ол байқау кейінге шегерілген.....
Журналист:- Гүлназ, 2010 жылы алдымен «Астана ханымы», кейін «Қазақстан ханымы» атандыңыз. Мамыр айында Сеулде өтетін «Әлем ханымы» байқауына жолдама алып отырсыз. Дайындығыңыз қалай?
Гүлназ Әлімгерей:«Әлем ханымы» байқауы Оңтүстік пен Солтүстік Корея арасындағы саяси жағдайларға байланысты кейінге шегерілді. Сол себепті әзірге нақты қашан өтетіні белгісіз. Үй шаруасы, бала-шаға, жұмыс дегендей сол күнделікті күйбең тірлікпен жүрміз. «Бәрін ысырып қойып, осы байқауға дайындалып жүрмін» деп өтірік айта алмаймын. Оның үстіне байқаудың нақты талаптары маған әлі беймәлім. Белгілісі, сол жақта үш апта бойы болуым керек. Әлемнің түкпір-түкпірінен жүз шақты қыз-келіншек жиналады. Уақыт жақындаған кезде ағылшын тілінен 1-2 апталық курсқа барсам ба деймін. Ағылшын тілін мектепте жақсы оқығаныммен, күнделікті қолданыста болмағаннан кейін ұмытыла бастайды.