+3 дауыс
1.1k көрілді
Неге бірін-бірі сүйгендер бірге бола алмайды?
Ғашықпын
Шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам,болмайын сол аман ба?
О,тәңірім!Неткен жан қайырылмайтын!
Жүрегі еттен бе,әлде қоладан ба?! Біз бір-бірімізді шын сүйеміз,бірак ол маган баталмайды,ал мен кыз жаны болғандыктан алғашқы қадамды бастауға ұялам

6 жауап

+5 дауыс
Енді дәл бұлай деп айтуға болмайды! Барлық сүйгендер қосылмай жүр деп айта алмаймыз ғой. Жігіттің сізді сүйетініне сенімдісіз бе, тым сенімді жазыпсыз ғой! Егер сезімі шынайы болса, жеткізер-дағы ақыры, өзіңіз қадам жасамағаныңыз жөн сияқты, меніңше. Кішкене, сабыр сақтаңыз, мүмкін жігіттің бір тосын ойлары бар шығар...
+3 дауыс
неге боламайды болады
+4 дауыс
Эх, осы сарындас сұрақтардың саны тіпті толастар емес, сіз қыз баласы болғандықтан бірінші қадам жасауыңызды мен қолдамас едім, бірақ......
Бірақ, оны қолдайтындар да бар, ашығын айтқанда психологтар. Олардың айтуынша, жігіт батылсыз болса қыздың біріші қадам жасауына болады, яғни жігіт те ұялып жүрген болуы мүмкін... Біздің ерте заманда  ата-бабаларымыз махаббат-сахаббат дегенге қарамайтын болған, қыз балалар малға сатылып, жігіттері де еріксіз үйленуге мәжбүр болған, сондықтан да болар бізде қыздар да, жігіттерде де ұяңдық деген терең бойлап, сіңісіп қалған.
Егер жігітті сүйсеңіз, батыл қадамға баруыңызға болады, бірақ жігіттің де сізде көңілі бар болғаны жөн. Ал батыл қадамды жүзеге асыру үшін, сіз оған сезіміңізді араға адам салып білдіруіңізге болады, яғни оның досы немесе өз құрбыңыз арқылы білдіріңіз. Осы қадамнан артыққа бармағайсыз, осы қадамыңыздан кейінгі батылдықты жігіт тарапынан күтіңіз. Егер ол да сізді ұнатса келеді, ал келмесе ұмытуға тырысқаныңыз жөн....
+3 дауыс
Шын суйгендер косылмайды деген бос ангiме.Oнын барлыгы ундi филiмдерiнде болатын окигалар.Косылганда шын суйгендер гана косылады.Косылып бакытты омiр суредi.Ал шын суймегендер косылганымен бiрге болуы не гайбыл.Ойткенi олардын кобiсi ажырасып жатады.Сондыктан шын суйгендер косылмайды деген кате угым.Бiр бiрiмiздi шын суйуге тырысайык.
0 дауыс
негизи сол бата алмай журген назик те шынайы, пак сезим ен таттиси. сол татти сезимнен айрылып калма.
0 дауыс
Алла Тағала шын ғашықтардың қосылмайтыны жайлы айтқан екен.Себебі олар бірге болса,мені есіне алмай кетеді деген деседі.Менің өз пікірім :екеуі екі жақта журсе, бір біріне ынтығып,құштар болып,жете алмайтындай аңсаса ғана ол шын махабат қой.Ал кедергі болмаса жалығып махаббаттыңда қадірі кетеді
...