Қазақстан футболындағы аса талантты жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеевтің тасыәйгілі «Уэмбли» стадионында, ағылшын құрама командасының қақпасына гол соққан сәттен бастап өрге домалаған. Осылайша жарқ етіп көзге түскен футболшы кейіннен спорттықкарьерасындағы күйзелу кезеңін-де бастан кешті. Бір ғана мысал: жартылай қорғаушыныңбылтырғы маусымда Астананың «Локомотив»командасы құрамында жасыл алаңға шығуынан, запаста кезек күтіп отыруы көп болды…
Биылғы маусымда қабілет-қарымы мол хавбек Қарағандының «Шахтер» футбол клубына ауысып, чемпионаттың алғашқы матчтарынан-ақ жергілікті жанкүйерді өзінің ойлы да, шебер ойынымен қуанта бастады. «Жамбыл Көкеев дарынды футболшы. Мен оған биыл өзінің бар талантын жарқырата көрсетуіне мүмкіндік бергім келеді», — деген болатын маусым алдында«Шахтердің» бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков.