+3 дауыс
524 көрілді
Пятница 13 дегенге қалай қарайсыңдар? Осы күн жайлы ойларың қандай? Неге бұл күнді жаман күн дейді?

4 жауап

+3 дауыс
Мен "пятница-13" дегенге онша сене қоймаймын. Көбісі осы күнді қорқынышпен өткізіп, апат, белгілі бір тылсым күш немесе тосын оқиға болатындай сезінеді. Егер жұма 13-ші күнге сәйкес келіп жатса, сол күн сәтсіз болады деп ойлап жатады. Бірақ бұл дұрыс емес. Әрі қазақ халқына, соның ішінде мұсылмандарға жат қылық деп ойлаймын. Өмірде мұндай алдамшы наным-сенімдерге сенбей, тек қана бір Аллахқа сенген жөн деп есептеймін.
+3 дауыс
Бірінші "13" деген санға тоқталайық ол жаман сан деген қайдан шықты, мысалы еуропалық кейбір мемлекеттерде    13 деген этажы жоқ үйлер немесе 13 деген номері жоқ қонақүйлер толып жатыр, сонымен 13 деген сан қайдан шықты: Бибилияда (Евангелие от Матфея, 10 бөлім) Христосты сатып жіберген Иуданың аты 13 болып аталады, содан бастап 13 саны христиандар үшін жаман санболып саналады.
Ал жұма 13 - деген күн:  13 қазан 1307 жылы атақты Тамплиер орденінің барлық мүшесі тұтқындалып, өлім жазасына кесілген.  Сол күні сіз айтқандай пятница 13 болса керек, содан бастап ол күнді христиандар арасында қасірет күні ретінде танылып келеді.
Ал мұсылмандар үшін кез-келген жұма қасиетті күн ретінде саналады.
+2 дауыс
Әр ұлттың,әр діннің өз үрдіс, өз салттары бар. Біз әркімге бір еліктемей өз тілімізді, өз салт-дәстүрімізді, өз дінімізді құрметтесек онда барлығы өз орнында болады деп ойлаймын, бауырларым! Алланың жаратқан күндерінің бәрі де жақсы, ал жұма барша мұсылмандар үшін қасиетті күн.Біз осыны түсінбеуден қорқуымыз керек, қайдағы бір пятница 13 тен емес.
Иә, әкем де тура сіз секілді Құдайдың күнінің бәрі жақсы, күн тергеу деген қайдан шыққан деп отырушы еді...
+1 дауыс
Баяғы заман адамдаpы өте ыpымшыл болған ыpымды да ойлап тапқан cол заман адамдаpы. Жалпы баpлық нәpcе адамның cана cезiмiне байланыcты. Қазip әлемде адам өте көп күнде неше түpлi оқиға болады, оның бәpiн ыpымға балаyға болмайды, ол тағдыp. Жалпы жақcы нәpcе ойлаcаң жақcы болады, бәpi адамның ойына байланыcты. Cондықтан жақcы нәpcелеpдi көбipек ойлаyға тыpыcайық. Елiмiз аман, xалқымыз тыныш болcын!
...