+2 дауыс
2.2k көрілді
Апай  айтқан болатын қалаған Абайдың бір өлеңін жаттыңдар,-деп
Сіздер қайсы өлеңін жаттаған дұрыс деп ойлайсыз,бір жағынан ТӘРБИЕЛІК МӘНІ жоғары,әрі жаттауға жеңіл болса....қатып кетер еді....
Сұрақтың жабылу себебі: Нақты жауаптар алынды...

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Әдебиет пәнінен  Мұғалимам   " Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма..?! " атты Абай атамыздың жырын жаттатқызып еді...Ұнады. "..Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла..." деп тұрып образға кірген қызық екен...Жаттауға да жеңіл...)

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
 
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?  
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін - өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей. ---- ---- соңында алақаныңды көрерменге қаратып, жартылай маңғаз қалпы, тұрып қаласың....)
+4 дауыс
Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап!
Апайға айтқан ұяттау болар, көлемі шағын. Бірақ, мәңгі жадта сақтап жүруге тұрарлық өлең деп ойлаймын.
Сізде осы өлеңнің толық сөзі жоқпа ?
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
        Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Бәрекелдее!
+1 дауыс
Ақ киімді денелі ақ сақалды.
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Осы өлеңді айтып бер жаттауға онай.
Барлықтарыңызға, рахмет, АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН !!!
)))))))))))))))))
...