+1 дауыс
49.3k көрілді
Қарахан мемлекеті. Наймандар, Керейлер, Қыпшақтар туралы толық ақпарат керек.

5 жауап

0 дауыс
Наймандар – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі.
Наймандардың пайда болу тарихы
Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.
Керей - Қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрк халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар.
Толығырақ википедиядан табуға болады!
+1 дауыс
Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.
Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.

Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады.

Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.
Қазақстан және Орта Азияның картасы(12 ғасырға дейін).png

Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075—1102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.

1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.
12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.

1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.

Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.[1]
+1 дауыс
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.

Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.
Сурет:Қыпшақ даласыd.png
Қыпшақ даласы.

Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында “сір” (мүмкін “сары”), 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, әзербайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп).
+1 дауыс
Наймандар [1]– қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі.
Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.
Сегіз оғыздар Түрік қағандығының шығыс бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының, кейіннен Солтүстік Қытайдан ауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзинь әулетінен (шүршіттер) жеңіліп, Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың 2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті, жетекші мемл. бірлестіктердің біріне айналып, алыс-жақын елдермен дипломат. қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті). Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан[2] империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедей ханның ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғ-да едәуір бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. Қалған бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі тайпалармен бірге Моғолстан жеріне ауды. 16 – 17 ғ-ларда кейбір найман рулары Атбасар, Ырғыз аймақтарында өмір сүрген. М.Шайбанимен[3] бірге Мауераннахрға ауған наймандар Сырдарияның төм. ағысындағы Балық пен Мерв аралығы өңірлерінің саяси-әлеум. өмірінде жүзден аса жыл маңызды рөл атқарды. 1620 – 25 ж. Хорезмдегі билік үшін болған тартыстан кейін наймандар бас сауғалап бір тобы қырғыздарға, бір бөлігі Еділ, Жайықтағы Ноғай ордасына, енді бірі Бұхар хандығына бағынды. М.Тынышбаевтың[4] айтуынша, 1680 ж. наймандардың бір тобы Әулиеатадан Ташкентке дейін, Арыс пен Сырдария өңірін, Қаратау сілемдерін қоныстана бастаған. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”[5] жылдарында наймандардың көпшілігі қырылып, қалғаны Самарқанд, Бұхар өңірлеріне ығысады. 1726 ж. наймандар Ресей шекарасына жақын келіп, Сәмеке ханның қол астына өткен. Ол қайтыс болғаннан кейін Абылай билігіне қарай бет бұрып, Алакөл, Зайсан, Алтайға дейінгі алқапқа орын тебеді. Олар қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысты. Қазақ қолы 1750 – 60 ж. Жетісу мен Алтайды жоңғарлардан азат еткенде наймандар Қара Ертіс, Бұқтырмаға дейінгі бұрынғы ата мекенінің бір шетіне ие болып, сонда түбегейлі орнығып қалды. Бұл қоныстану 1810 жылға дейін жалғасты. 1917 ж. Ресей үкіметі жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай империяларының құрамында 830 мыңдай наймандар өмір сүрген.Наймандар Орт. Азияның өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтарының құрамына енген.
0 дауыс
Оңға бірді косса 11 болады
...