Анексия сөзі қандай мағына береді?

+1 дауыс
5.4k қаралым
Анексия сөзі қандай мағына береді? Толығырақ жауап берсеңіздер
Қоғам

1 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
БӘлкім, АННЕКСИЯ шығар...

Аннексия - [лат. аnnехіо - қосылу] - белгілі бір мемлекеттің басқа бір елдің немесе халықтың (этностың) аумағын немесе жерінің бөлігін басып алып, күшпен өз құрамына қосуы.

Аннексия фашистік Германия мен Италияның, II дүниежүзілік соғыс қарсаңында және тұсында жүргізген милитаристік Жапонияның сыртқы саясатында қолданылды. Тарихта Аннексия классикалық мысалы ретінде гитлершілердің 1938 ж. "аншлюс", яғни, Австрияны Германияға күштеп қосқандығын атауға болады. Бүгінгі күні Аннексия мысалы - Израильдің ежелгі араб жерлерін күшпен басып алып, заңсыз ұстап отырғаны - көрнекі.

Сондай-ақ Аннексия - халықаралық қауымдастыққа ортақ кеңістікті (ашық теңіз, теңіз түбін, Антарктиданы және т.б.) басып алу. Аннексия қазіргі халықаралық құқықты өрескел бұзушылық болып есептеледі.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы