Жеті ата – қазақ халқының салт-дәстүріне тән адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Бүгінде кейбіреулер жеті атамды білемін деп аталарының есімдерін тізбектеп шығады. Одан әрі таратып жатпайды. Әрине, бұл түк білмегеннен жақсы. Бірақ жеті адамның атын үш жасар балаға да жаттатуға болады емес пе? Сонда оның қаншалықты мәні бар? Жеті атасын білу дегенді жеті атаңа дейінгі туыстарды толық, жүйелі таратып, олардың туып-өскен жерлерін, өмірбаяндарын біліп, елге елеулі, адал қызмет еткен бабаларын ұрпақтарына насихаттап жеткізу деп түсінген жөн.
Тарихи-этнографиялық очерктер жинағын жазған автор Орманов: Жағалбайлыға ең ауыры Ор бойында салынған Орынбор бекеті үшін соғыс болды. 1740 жылы басталған соғыс 1744 жылға дейін жалғасты. 1744 жылғы соғыс екі жақ үшін нағыз қанды қырғын болды. Екі жақтан қан майданға қанша адам қатынасқанын ешкім білмейді. Ел аузында қалған аңыз-әңгімелер, үлкендердің айтуларына қарағанда, қанды қырғын соңғы демге дейін жалғасып, тіптен, соғыс алаңында қалған денелерді жинайтын адам да қалмағанға ұқсайды. Жағалбайлының бұл жанталасын түсінуге болады. Өйткені, Орды беру, жағалбайлы үшін орысқа қасиетті Жайықты беру, ата-бабасының кіндік қаны тамған жерді берумен тең еді.
Жағалбайлылардың ұранына айналган Малатау (Манатау) жоңғалармен арпаласып, елін жерін қорғап, халқының мақтанашына айналған батыр. Малатау батыр 17 ғасырдың басында өмір сүрген белгілі тұлға. Халык санасында «Малатаудан асқан бар ма, найзалы қалмақтардан жасқанған ба. Сан рет қанды шайқас кездерінде, жауларын жер құштырып шаттанғанда, мерейі үстем болып қалың елдің, көтерді айбын туын аспандата..» - деп жырланады екен. Малатау айбынды #Жәңгір #хан заманындағы жоңғарлармен шайқастарға қатынасқан деген халық дерегі бар. Ол тамалық Көкімен бірге Самарқанд әмірі #Жалаңтөс баһадүрдің 20 мыңдық әскерінің құрамында болып, 17 ғасырдың 40-шы жылдарының ортасында жоңғарлардың басым күшін талқандап женіске жеткен – деген мағлұматтар мәселені толықтыра түседі.
#Шеген бидің немересі Малатау батырдың аты, оның ерлігіне сай жағал байлының ұранына айналған дей аламыз. Малатау батырдың кезін де, одан кейін де жағалбайлының жауынгерлері жауға шапқанда «Малатау» деп ұрандатып шабатын болған. Зираты қазіргі Батыс Қазақстан облысында, Шыңғырлау өзенінің Жайыққа құяр жеріне жақын Барбастау деген жерде көрінеді. Батырды, туы жығылған күні ұрпақтары арулап қойып, бабамыздың зираты ұмытылмасын, көзден ғайып болмасын деп, оны жерлегенде зираттың төрт бұрышына тереңдете, ұзындығы төрт құлаш төрт бөрене орнатқан екен.
244-246 бет
Жағалбайлы 5-том, 1-кітап
Алаш тарихи-зерттеу орталығы
Жағалбайлы Сәрке батырдың тағы бір ерлігі мен адамгершілігі, башқұрт халқы өзінің азаттығы үшін күрес бастап, олардың бастарына ең бір ауыр күн туғанда, Сәрке бабамыз мыңдаған башқұрттарды Жайықтың бергі бетіне көшіріп алып, соғыс біткенге дейін жағалбайлылардың ауылдарында ұстап, өлімнен аман алып қалғандығы. Соғыс біткеннен соң мыңдаған башқұрттар Жайықтың арғы бетіне өтіп, өз елдеріне жетеді. Бұл зерттеуші Қ.Ормановтың жазғандары. Автор ары қарай тарих ғылымдарының докторы Ә.Қ.Мұхтарға сілтеме жасай отырып:
- Кіші жүз ханының ішкі-сыртқы саяси жағдайының бірқалыпты өрбу барысында, оның болашақ көрші елдермен қарым-қатынасына түбегейлі өзгеріс әкелетін 1755 жылы, башқұрт ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оларды әскери күшпен басу барысында түбі бір туысқан халық қазақ ауылдарына үдере көшті. Алғашқы башқұрттар легі Жағалбайлы Сәрке батыр ауылына қабылданды-дегенді тағы айта кетеді.
30-31 бет
Жағалбайлы 5-том, 2-кітап
Алаш тарихи-зерттеу орталығы
Қыз Жібекке әменгерлік жолымен үйленетін Сансызбай да, олардан туған Төс батыр 1702 жылдары бірнеше рет, адай батырлары Қосаймен бірге осы Түркестан манайында жонғар қалмақтарына қарсы соғысқан.
«Жағалбайлы Төс батыр,
Өз халқына ес батыр,
Жиырма алтыда жасы бар,
Қалмақтарға өш батыр,
Саңсызбайдың өзіндей,
Көрсеткен жауға сес батыр.
Үзгентте болған ұрыста
Қалмақты қырған күж батыр
Шықса да талай қарсы қалын жауға,
Шабақтай болды оралған құрған ауға.
Сырбойлык кіші жүздер бетін бұрды,
Ырғыз, Өр, Ойыл, Елек, Орал тауға
202-203 бет
Жағалбайлы 5-том, 1-кітап
Алаш тарихи-зерттеу орталығы
Кенесары хан көтерілісің қолдаған Жағалбайлыдан шыққан Мыңжасар батыр. Шежіре деректері арқылы Мыңжасар батырдың #Кенесары#Қасымұлы етене жақын болғандығын көреміз. Соның бір дәлелін мына әңгімеден байқауға болады: Кенесары, Наурызбай бірде Сарысу бойын жайлаған Кіші жүз елдеріне келіп, ел билерімен ақылдасып, батырларын жиып, Қоқанға елші жіберетіндігін айтады. Мақсаты – Қоқан хандығын орыс патшасына қарсы көтеру. Билер бұл сөзді мақұл көреді. Он екі адамнан құралған елшіні Саржан төре бастап баратын болады. Сол он екінің бірі болып – Мыңжасар батыр қосылады. Мәміле үстінде Кенесары Мыңжасардың өрелі дітіне разы боп:
- Батыр, не датың бар? – дейді.
Мыңжасар тұрып:
- Еркін өскен ер едім, тілімді бөгеме. Тіліме бостандық бер, хан ием! – дейді.
- Дегенің болсын, батыр – дейді Кенесары.
Сонымен Саржан төре бастаған елшілерді Қоқан ханы ерекше күтіп қарсы алады. Ертең келіссөз болады деген түні бір себептермен Наурызбай мен Мыңжасар бір бөлек үйге түнейді. Ал, Қоқанның арамза бектері Саржан төрені жігіттерімен сол түні қырып салады. Тұлғасы зор Мыңжасар Қоқанның жігіттерін түгел жайпап, жеті түнде жанталасып Наурызбайды аман алып шығады. Мыңжасар өте батыр, қолынан келмейтін ісі жоқ өңерлі адам болыпты. Кенесары хан Мыңжасардың өңеріне, батырлығына қызығып шаруашылығын басқартып қояды.
Ақыры Кенесары хан, Наурызбайдың орыстармен бір шайқасында Мыңжасар батыр Балқаштың бойы Мыңарал төңірегенде мерт болады.
136-138 бет
Жағалбайлы 5-том, 2-кітап
Алаш тарихи-зерттеу орталығы
Жағалбайлы XIV-XXғғ. Ұлы тұлғалар!!!
● Мелде би;
● Шеген би;
● Мәті би;
● Қаз би;
● Қоңыр би;
● Оразбай би;
● Боран би;
● Балық би;
● Орманбет би;
● Едірей би;
● Ниязбек би;
● Өмір би;
● Әбу би;
● Әжібек қажы;
● Бажан қажы;
● Бекқұл - Әбілхайыр ханның кеңесшісі;
● Тайлақ батыр - Әбілхайыр хан тұсында Кіші жүздің бас әскер басы;
● Сәрке батыр- Әбілхайыр хан тұсында қолбасшы, қалмақ, жоңғар, қоқан, хиуа, орыстарға қарсы соғысқан;
● Тотай батыр – Нұралы хан және орыс патшаға қарсы ең алғашқы көтеріліс көтерген;
● Малатау батыр - Жәңгір хан мен Жалантөс бастаған жоңғарларға қарсы соғыста атағы шыққан;
● Сансызбай батыр;
● Төс батыр;
● Қобай батыр;
● Естекбай батыр;
● Жолбарыс батыр;
● Көтей батыр;
● Хангелді батыр;
– қалмақ, қоқан, хиуа, жоңғарларға қарсы соғысқан
● Байсары батыр;
● Бажыр батыр;
● Күмпей батыр;
● Кенебай батыр;
● Мыңжасар батыр;
- Кенесары хан бастаған орыс патшаға қарсы көтеріліске қатысқан;
● Тетбай би, батыр - Сырым Датұлы бастаған көтеріліске қатысқан;
● Төлеген – «Қыз Жібек» эпос – жырының бас кейіпкері;
● Cәду - сал сері;
● Ақсулу - ақын;
● Төребай Есқожаұлы - ақын;
● Ешмұқанбет ақын;
● Асылбек - күйші;
● Дербісәлі Беркембаев - мемлекет қайраткері;
● Базарбай;
● Шоңмұрын;
● Найза;
● Қондыбай
- ел билеген,
● Ахмет әжі;
● Бәжі әжі;
● Бажақ әжі;
● Нағашбай Шайкенов - Әділет Министрі, бірінші Конституцияның негізін салушылардың бірі;
● Шәмші Қалдаяков - композитор, Қазақстан әңұранының авторы;
● Сағыр Қамалов - драматург, «Ер Тарғын» опера авторы;
● Роза Бағланова - опера,сахна әртісі,Қазақстан халық қаhарманы;
● Сейткали Баймурзин - ғалым, мемлекет қайраткері,
КарГУ 1-ші директоры 1950 - 1972жж;
● Уразак Акбауов - халық қаhарманы;
● Бактыбай Шушаев - полный кавалер орденов Солдатской Славы;
● Мырзабай Жақсылыков - жазушы, өлкетанушы, тарихшы;
● Баянғали Қултаев - мемлекет қайраткері;
● Жақсылық Айжанов - жазушы, ақын;
● Мухамедияр Мамаулы - жазушы, ақын
https://www.facebook.com/groups/1567642910153821/