+6 дауыс
968 көрілді
Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?

13 жауап

+4 дауыс
Адамдармен ренжіскенде өзімді қолайсыз сезінемін. Сондықтан, ренжіскен адаммен тезірек татуласуға тырысамын және екінші рет сол адаммен ренжіспеудің амалын жасаймын.
+3 дауыс
Кімге жақсы болад дейсің?!
+3 дауыс
Айтқан нәрселерімді зерттеуден өткіземін. Менікі бұрыс па, дұрыс па? Әлде ананыкі ма? Қандай күй кешкенде. Өзіме маңызды адам болса, біртүрлі абыржіп, мазам болмай жүремін.
мен унеми кишириемин, ул болсын кыз болсын! Неге екенин озимде билмеим
+3 дауыс
Ісімді ой таразысына салып, талқылаймын. Кіммен ренжіссем де кешірімді болуға тырысамын
+2 дауыс
Сол күні мен жылаймын, егер қате менен кетсе, ал олардан кетсе ашуланып, көңілсіз жүрем.:P
+2 дауыс
Ішімнен үф деймін де күлкім келеді :)
+1 дауыс
алдымен ішімнен өзімді өзім сыбап аламын неге ғана солай істедім екен деп. Өзі бастаған болса еш өкінбеймін. Менен кінә болса қатемді түзегенше мазам кетеді.
0 дауыс
Әрине көңіл күйім 0:0 болады... Бірақ мен ер жігіттер бір бірімен ерегескенін көрсем ауыр тиеді.. Қорқынышты/
+2 дауыс
Әлбетте, көңіл күйім түсіп кетеді. Бірақ тез басыламын, бірақ әлгі ситуацияны көз алдыма елестетіп, былай айтсам қайтер еді, былай айтсам ше?-деп ойлаймын артынан, сосын әй қойшы соны, өтіп кетті ғой деймін. Бірақ қанша дегенмен біреудің мені жазықсыз кінәлағанын ауыр аламын, осы жасқа дейін сыныптастарыммен де, группаластарыммен де ұрсысып көрмепін, болашақта да ұрсыспай ақ қояйыншы деп ойлаймын. Үйдегі үлкендер ұрысқанда бұлтиып қалатыным болмаса...(doh)
0 дауыс
Қызарыыып,сөйлей алмай қаламын.Kәдімгідей өзім кінәлі болайын болмайын,сол адаммен татуласқанша уайымдап жүрем..
0 дауыс
Көп жағдайда кінәні өзімнен іздеуге тырысамын, егер адам өз кінәсін анықтай білсе өзіне сабақ келер жолы ондайды қайталамауға тырысада. біреуді кіналау оңай "сырт көз сыншы"- деген сондықтан біреудің кемшілігін көрсен өзінде сондай қылықтан сақтауын керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед салалаху уәлейки уәссәләм былай дегенекен "Сыпайылықты, мейірбандықты қатыгез, тәртіпсіздерден үйрендім" жалпы кек сақтамауға тырысам.
0 дауыс
Мен көбіне мән бер бермеймін егер қате менен болса кеш болсада түсініп содан қортынды шығарам.Егер керісінше болса кешірімен қараймын бәрі жағдайға байланысты болады ол әрине кешірімге лайыкты болса ғана
0 дауыс
Қашан татуласқанша жүрегім ауырып, көңіл-күйім болмай, ауыр күйде боламын. Татуласып кеткен соң, үстімнен жүк түскендей жеңілдеп қаламын. Бірақ, қанша ренжіссем де, 2-3 минуттан артық ренжи алмаймын. Кейбіреулер ренжіссе болды 4-5 күн бойы сөйлемей жүреді ғой. Ондай қолымнан келмей-ақ қойды, 4-5 минут та сөйлеспей жүре алмаймын қанша ренжіссем де. Жалпы, барынша ешкімді ренжітпеуге тырысып жүремін.
...