Қазақтың ару қыздары мен сұлтан жігіттері "қазақ" деген атқа лайықты болу керек. Біріншіден, жүрегінде иманы болғаны абзал. Байсалдылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, тәлім-тәрбиелілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзінің қазақ екенін мақтан тұту, шынайылық, адалдық, салмақтылық, табандылық, еңбекқорлық, мейірімділік осы қасиеттердің барлығы сегіз қырлы, бір сырлы қазақ жігіттері мен ақылына көркі сай қазақ аруларының бойынан табылуы керек деп ойлаймын. Қазақ ұл-қыздары әлемдегі ең өнегелі, парасатты, дарынды, өзге ұлттарға үлгі бола алатындай азаматтар мен азаматшалар деп толық айта аламын. Қазақ ұл-қыздары жасай берсін! Қазақ елінің өркендеп, өсіп, кең қанат жаюына өз ықпалымызды тигізіп, еліміздің дамуына үлес қосайық, достар!