Бұлардың бәрі - тағамдық қоспалар. Анығырақ айтқанда: тағамға қосылатын бояулар, дәмін, иісін кіргізетін заттар, тұрақтандырғыш-эмульгаторлар (ұзақ сақталуы үшін қосатын жасанды қоспалар), консерванттар. Жалпы, пайдасынан зияны көп қоспалар ғой. Мысалы, Е-100 бен Е-199 аралығы тағамға сары түсті бояулардың қосылғанын білдірсе, Е-102 тәтті тағамдарға қосылатын қызыл-сары түсті бояуларды білдіреді. Ал Е-200 бен Е-299 аралығы - консерванттарды білдіреді. Т.б. сондай-сондай. Адам денсаулығына зиянды рұқсат етілмеген түрлері де өте көп (бәрін жаза беру мүмкін емес).