+3 дауыс
541 көрілді

4 жауап

+2 дауыс
Ия таныс жағдай, мен өзім былай істеймін, асықпай бір шетінен бастап тиянақты қылып жұмысымды істей берем, (ондай кезде асып-сасудың қажеті жоқ) бәрібір үлгермейтініңізге көзіңіз жетіп тұрса, шетінен бастап мұқият істей бер, сол кезде-ақ таусылатынына көзіңіз жетеді.
сабыр мен шыдамдылықпен істеу керек дейсіз го?
Ия ойымды дөп бастың!
Менің басымнан бұл жайт өте жиі орын алады. Мен бұндай сәттерде жеке шаруаларымның бәрін жинастырып,назарымды тек сол шаруаларға арнаймын! Егер бар зейін мен ынта-жігеріңді салатын болсаң, 1-ақ күнде бітіруге болады. Сосын ұйықтамай бітіріп тастайсың! Ертеңіне жақсы тапсырып келесің де,душ қабылдап,тарс  ұйқыға кетесің! Ертесінде "бодрый" болып,жеңілденіп қаласың!
+1 дауыс
Шыдамдылық таныта біліп, жұмыстарымды жалғастыра беремін. Егер тез бітіру керек жұмыстар болса, достарымнан не туыстарымнан көмек сұраймын
достарыңыздар да, туыстарыңыздар да көмектесуден бас тартса қайтесіз?
Бар күш-жігерімді жұмсап, өзім атқарамын. Дегенмен, олар бас тартады деп ойламаймын!!!
0 дауыс
иа иа, өткен желтоқсанда 2 апта сабаққа бармай курстық жобаны уақытында өткізе алмадым, сол кезде ертерек тапсырған баланың үйіне қонып тұрып 3 курстық жобаны 1,5 аптада жасап тастадық, ал негізі 1 айда бітетін жұмыс, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, достардан көмек сұра!!!  іске сәт)))
0 дауыс
Ондай күндері мен өзіме демалыс жариялаймын, бір күн сабаққа бармайм мысалы, бәрібір бір сол лекция,мылжың,группаластарыңның әзілі, буфетке кетедіғо бар уақыт.  сосын үйде целый день отырып,бәрін бітіріп тастайм, келесіде апайға сылтау айта салам, бірақ берген тапсырмасын елден бұрын орындап тастап жүре берем. Тақа дедектеп бара жатса,мед сестра апам бар,содан справка ала салам. Болды.
...