Алмаарасан туралы білетін кім бар? [жабық]

+1 дауыс
3.5k қаралым
Мен осы жазда Алмаарасанға лагерьге барайын деп едім. Алмаарасан туралы толық білгім келеді.
Сұрақтың жабылу себебі: Қанағаттанарлық жауап алынды...
Жалпы сұрақ

3 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Алма-Арасан (шипажай) – бальнеологиялық санаторий. Іле Алатауының шырша жамылған солтүстік баурайында (Өтпелі шатқалы), теңіз деңгейінен 1780 м биіктікте орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 19 км. Жыл бойы жұмыс жасайды. Ауа температурасы (орта есеппен): қаңтарда –4°С, шілдеде 15°С. Санаторийде жауын-шашын мөлшері 900 мм, жылына 1600 сағ күн ашық болады. Емдеу үшін кремний қышқылы радон аралас сульфат-гидрокарбонатты азот, кальций-натрийлі минералды жылы су (37,8°С) қолданылады, сондай-ақ климат факторлары (таза су, әсем табиғат), физиотерапия, массаж, емдік физкультура пайдаланылады. Санаторийдің минералды суы 14 ғ-дан белгілі, 1930 жылдан зерттеле бастады. Алма-Арасан санаторийінде жүйке жүйесі, әйел аурулары, аяқ, қол, буын, тері және асқазан аурулары емделеді.
0 дауыс
кел, өкінбейсің., ол жақта бәрі керемет!
0 дауыс
Алмарасан ол оте демалуга и достарынмен кыдыруга оте керемет жер егер коп болып барсан окинбеисин оте оте керемет
Барлықтарыңызға рахмет!!! Бірақ Алмарасанға емес, Альтаир лагеріне ертен ұшақпен кететін болдым!!!
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы