+6 дауыс
1.2k көрілді
Сұрақ орынсыз болуы мүмкін. Сонда да көкейімде жүріп, өзегімді өртеп жүрген соң, амал жоқ қоюға тура келіп тұр. Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын. Қыздар неге қырсықсыңдар? Шыдамның да шегі болған соң, қырсық болудың да шегі болады. Семіздікті тек қой көтереді. Қырсық бол, болма демейм. Бірақ шектеулі болсын. Әсіресе айтқан райынан қайтпайтын қырсықтар бар ғой, адамның жүйкесін жұқартады.:@ Әлде ауру қалса да, әдет қалмайды деп жүре бересіңдер ма? Сосын тағы бір қыздар бар. Үйіндегі папасының қызы. Әбден ерке де. Сондай қыздар тіпті ұсқынсыз. Шыбық тимес шыңқ етер, әй жетесіздер!

7 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін. Әдетте қыздарды гүл дейміз, сол гүлдердің арасынан сізге кезіккені тікені бары болар. Қыздар неге қырсықпауы керек? Міндетті түрде қырсығады, оның қырсықтығын көтере алмай жүрген не қылған жігіт? Сіз ертең сол қызды жар етесіз, ал ол сол кезде қырсықтығынан арылып, мейлі арылмаса да сізді пір тұтып, ата-анаңызды сыйлауға мүделі, ең бастысы ол сіз үшін өз үйін, өскен ортасын тастап "бақытты боламын деп емес, бақытты қыламын" деп келеді емес пе? Ол сіздің анаңызға ұнамай қалған жағдайда, отымен кіріп күлімен шығады ғой, не десеңіз де көнеді. Адам көңілінен шығу оңай ма? Бір сәтке өзіңізді ата-анаңызды тастап, сол қыздың артынан кеткен күшік күйеу ретінде елестетіп көріңізші, жақсы ма қыз ағаларының "әй! өй!" деп жүргенін, көтере алар ма едіңіз? Жігітпен жүретін кез-келген қыз жүріп қана қоюды емес сонымен қатар болашақты ойлайды, ертеңгі күнін ойлайды. Сіз оның ойындағыдай болмасаңыз, қырсықпағанда қайтеді? Әйел адамдар еркек адамның бір ғана қабырғасынан жаратылған, сол кисық қабырғаны түзеймін деп сындырып алып жүрмеңіз.  Осыған орай бір мысал келтіріп көрейін:
*"Алла Тағала ең алдымен Адам атаны жаратып, оны жәннәт бағына жібереді. Кереметтей жәннәт бағында біраз өмір сүрген Адам атамыз жалғызықтан жалыға бастайды. Сонда Алла Тағалаға келіп өзіне бір сыңар жаратуын өтініпті. Алла Тағала оның өтінішін қабыл алып "ай десе аузы, күн десе көзі бар" бір әдемі әйелді қасына сыңар етіп жіберіпті. Сонымен Адам атамыз бақытты ғұмыр кеше бастапты, алайда ол бақыты ұзаққа созылған жоқ. Бір күні ол әйеліне: -- Нәскиімді жуып бере қойшы,- десе, әйелі: -- Керек болса өзің жуып ал, мен сенің құлың емеспін, немене өткізіп қойғаның бар ма еді?!-- деп өзіне қарсы жауап беріпті. Бұдан кейін Адам атамыз Алла Тағалаға келіп, өзіне мұндай "беттен алып, төске шабатын" әйелден гөрі айтқанымен жүретін әйел беруін сұрапты. Сонда Алла Тағала: "Ондай әйелді мен сенің бір қабырғаңнан жаратайын, тек сен оған шыдауың керек" - дейді. Бұған Адам атамыз қуана келісіпті. Сонымен Адам атамыздың бір қабырғасын алмақ болыпты. Денеңді кесін алу деген оңай ма, ол қатты қиналады, сонда да тістене шыдайды. Оның шыдамының арқасында Хауа анамыз пайда болып, ол оның айтқанымен жүріп, өте сыйласып ғұмыр кешіпті. Сонша қиындықпен қолға түскен сыңарын да Адам атамыз бағалай білген екен"*
Міне, қыз - сіздің болашақ жарыңыз, анаңыз, қарындасыңыз, әпкеңіз, апаңыз, әжеңіз. Солай бола тұра неге оның еркелігін көтермеске. Сәл ғана қиындыққа шыдай алмағаныңыз қалай? Сіз қазір оның қырсықтығына төтеп берсеңіз, ертең ол сіздің өміріңізді гүлге айналдырары сөзсіз. Сіздің оның соншалықты қырсықтығына шыдағаныңызды ол әсте ұмытпайды, ертеңі күні сізді сыйлайтын болады. Оп-оңай қызға қол жеткізсеңіз Адам ата сияқты өкініп қалуыңыз мүмкін, ол да сізді бағаламайды. Қазір шыдай біліңіз ал ертеңгі күні "еркекті гүл ететін де, кұл ететін де әйел". Біздер еркектерді еркек екен ғой деп жәйдан жәй бағалай бермейміз ғой, ол сол бағалауға лайық болуы керек......
Керемет жазылған! Сізбен толықтай келісемін, Көркем ханым
Әйтеуір сіз келіп жауап бердіңіз-ау. Кімді ойласам сол шықты. Ағаттық менен кетіп жатыр ма? Әлде одан? Түсініксіз. Сабама келе алмай жүрм. Неде болса уақыт көрсетер......
Жасым 17.де деп едіңіз-ау, өміріңіз алда. "Сабыр түбі сары алтын" деген бар, жақсы жақтарды ойласаңыз сіз әлі-ақ бақытты боласыз. "Асықпаған арбамен қоянға жетеді"......
Айтқаныңыз келсін....
+5 дауыс
Сұрағыңа сайттың қолданушы - Қыздары тура жауап береді деп үміттенбеймін.БӘлкім, шынымен қырсық Қызға жолыққан шығарсың, Жетесіз атанған ерке Қыздармен сөйлескен шығарсың....Неге сол қыздардың өзіне бұл сұрақты қоймасқа?! __ _ _ _ _ _ Барын жасырмаймын, Жоғына сенемін. Тек Қазақ қыздарына ақырын ғана бір айтатын ақыл-кеңесің бар шығар.. ?!
+5 дауыс
мен сол қырсықтықтан құтылғым келеді, бірақ қалай?
+6 дауыс
бес саусақ бірдей емес!
+2 дауыс
Көркем айтқандай басқа қыз іздеуің керек шығар, жалпы айтқанда шынымен қырсық!!!
+2 дауыс
Егер де сізге қыздың қырсық мінезі ұнамаса, қызыңызға "әдемілеп" жеткізіп көріңіз. Ал егер қырсықтығы да, өзі де ұнамаса, ол қызды тастаңыз. Егер қыздың еркелігі ұнамаса, ол туралы осыншама қатты сөздер айтудың қажеті жоқ. Мен де үйдің кенжесі болғандықтан еркемін, және де сол үшін осындай сөзер естігім келмес еді. Қыздың еркелігі қалыпты нәрсе. Және де қыздың ерке болуы ата-анасына байланысты. Ата-анасы еркелетпеген қыз өз-өзінен ерке болмайды. Менің ойымша, қызды ерке мінезі үшін жақсы көру керек. :)
Жалпы солай екен. Сооорлы басыыым.
+1 дауыс
Еркелемейтин , қақшиып тұрған қызды көз алдыма елестете алмай тұрмын , еркелемесе еркелемеді дейсіңдер ғой! Адамның бабы табылмайды -ауууу.......
Өкпе-назым қара қазандай қайнап келіп жаза салғаным ғой. Айып етпе. Енді түсіндім. Өмір үйретіп жатыр ғооой.
...