Бұрын математикаға қалай едің? Ымммм...егер жақсы білген болсаң, онда өтілген бағдарламаны қуып жету сізге қиын болмайды. Енді, былай етіңіз: өтілген тақырыптарды алыңыз, мүмкін 9-сыныптан бастап, немесе (ол мүмкін болмаса) 10-сыныптың. Содан соң, тақырыптарды оқып, мысалдарын қарап, сол мысалдарға қарап отырып, есепті шығарасыз. Ой, бір рет көріп ем шықпайды, ой апайдың методикасы ұнамайды деген сылтау емес. Шығара беріңіз, шығара беріңіз есептерді. Сосын, апайыңыздың методикасы неге ұнамайды, мұғаліміңіздің сабақ беру әдістерін жазып өтсеңіз жақсы болар еді. Негізінен жақсы жетістікке жетудің ең басты жолы-жаттығу әдісі. Жетістіктің 1%-ы талант, 99%-ы еңбек дегенді естуіңіз бар шығар, ендеше алға, алға, алға) Қолыңызға кітапты алыңыз да, есеп шығаруға кірісіңіз, және біз де көмек қолын ұсынуға тырысамыз!