Иә...қазір денсаулықтың нашарлап жатқаны не себептен деп ойлайсыз?! Қазір бәрі дайын болғанға бәрін дүкеннен сатып ала салады, оның салдарын ешкім ойлап та жатқан да жоқ. Қандай салдар дерсіз, ең бірінші дайын тағамдарды сатып алып жатқан адамдар оның құрамына көңіл аудара бермейді, оның үстіне ұзақ уақыт сақталатын тағам болған онда қаншама қоспа барын кім білген, екіншіден, адамдар еріншек болып бара жатыр, неге дейсіз бе, өйткені қолдан нан ысу дегендер қалып жатыр, тіпті қамырға дейін бәрі дүкендерде самсап тұр. Міне зардаптары қаншама?! Әрине, уақыт үнемдеу үшін керек кейде, бірақ дайын қатқан қамырды сатып тамақ жасай салып, бос уақытты босқа өткізгенше(теледидирдағы пайдасыз сериалдар, телефонмен ұзақ ұзақ әңгімелер(бәріне емес әрине)) бар ынтаңмен туған-туысыңа дәмді тамақ жасап берудің өзі керемет емес пе?!
Тап-таза қоспасыз тағамдарды өз қолыңыздан өсірілен мал-құс өнімдерінен, өзіңіз өсірген көкініс-жемістерден ала-аласыз!