+1 дауыс
4.7k көрілді

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Харадж
Xарадж - жер салығы. Алғашында с алық атаулының бәрі және бағыныштылардың беретін сыйы да бір ғана ұғымды білдіріп, ол джизиим деп аталды. Ол тек Халифат орталығынан алынатын салыққа ғана емес, шарт бойынша түсіп тұратын сыйлық пен вассал әкімдері жинайтын алымға да қатысты еді. Сондықтан да оны бір-бірінен ажыратыл жату мүмкін емес болды. Xарадж салық салу жүйесі көпшілік облыстарда византиялық үлгіден бастау алады. Алғашқы онжылдықта хараджды тек басқа дін өкілдері ғана төлеуге тиіс, ал мұсылман дар - ұшр деп қаралды. Бұл салық төлеушілер санының мүлде азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Осыған орай харадж төлеу жер иесінің немесе жерді жалға алушының діни көзқарасын байланысты болмасын, жер салығын жаппай төлеу керектігін мақұлдаған жаңа заң дүниеге келді. Факихтер VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырда Хараджыны жауланып алынған өңір халықтарының жер үшін мұсылман мемлекетіне төлейтін төлемі (фай) деп түсіндіріп келді.Тұңғыш жер кадастры Ирак пен Сирияда Муави тұсында, Мысырда - 724 - 25 жылы жүргізілді. Түпнұсқа құжаттарға қарағанда харадж Мысырда IX ғасырдың өзінде өз алдына жеке салық, ал Иракта, Хузистан мен Иранның көптеген басқа аудандарында әр-бір село дихандарына салынатын ұжымдық салық болып табылды. Xарадж нақты зат түрінде де, ақшалай түрде де (кейде аралас) алынады. Мысырда, мысалы, техникалық дақылдарға ақшалай салық салу тәртібі жүргізілді. Әбу Жүсіп салықты аралас төлеу тәртібін әділетті жол деп білді, өйткені азық-түлікке баға өзгере қалған жағдайда яки мемлекет, яки салық төлеуші зиянға ұшырауы мүмкін еді. Xалиф төлеудің - мисаха, муката және мукасама деп аталатын негізгі үш түрі болды. Оның біріншісінде - айналымға түсетін жер мөлшеріне тұрақты салық төленді, екіншісінде - бірнеше жылға алдын-ала нақты қаржы белгілейді, үшіншісінде -өнімнің белгілі бір үлесі алынып тырды.Алынатын салықтық үлестік мөлшері 1/3 ден 2/5-ге дейін өзгеріп тұрды.Моңғолдар тұсында Иранда әкімшілік тәжірибеде харадж термині қолданылмады, оның орнына мал, малийат-и арзи сөзі пайдаланылды. XV - XVII ғасырда Иран мен Орта Азияда негізінен мал-у джихат делінді. Осман империясында мұсылман еместердің жан басына, жеріне салынатын салық халиф деп аталды.
...