+1 дауыс
545 көрілді
Мысалы мынадай жаңалықтарды оқып жатамыз. iPad 2 аккумулятором ёмкостью 6500 мАч. осындағы 6500 мАч дегені батарейкасының қуаты айтылып тұрғаны анық, бірақ оның күші қалай есептелінетіні, қанша сағатқа жететіндігін қалай есептейміз. Қателеспесем Ноутбуктерде де батерейкалары да осындай көлеммен жазылатыны анық.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
6500 мега Ампер сағат (6500 мАсағ) ол  - батарейка сыйымдылығы. Ампермен ток өлшенеді. Сондықтан қуаты емес, сыйымдылығы дегенің дұрыс болар.  Ал оның неше уақытқа жететіні, ол өзіңіздің қолданғаныңызға байланысты. Егер ол(мейлі сотка, планшет, ноутбук т.б.) ауыр жұмыстарды істеген кезде, токты да көбірек жеп, батарейкасындағы сол сыйымдылыққа сиған токтың жеткеніне қарай қолданасыз. Яғни, неғұрлым сыйымдылығы көп болған сайын, соғұрлым көп қолданасыз.
Ол құрылғыға да батарейкаға да байланысты. Себебі, токты көп жейтін сотка да(жұмыс істеуі бұзылған құрылғы), батарейкасы ескірген де кездеседі. Егер батарейка ескірсе, тозса, онда токты аз сидыратын болады.
Қалай есептелінеді?
Алдымен мына сұраққа жауап берейін, қанша уақыт зарядталады деген.
Мысалыға 2500мАсағ  алайық,
Сыйымдылықты(яғни 2500мАсағ) бөлеміз зарядтайтын құрылғының беретін ток-қа (2500/95) және оған 1.5 ға көбейтеміз. Бірақ мұндай кішкене  токпен, зарядталу уақылы тағы 10-15% ға көбейеді. Сосын бұл тек бір аккумулятормен есептегенде, егер сол ток, екі аккумуляторға берілетін болса, онда тағы екі есе ұзарады.
Біз, 2500мАсағ -тың батарейка мен заряд құрылғы арасындағы есептің жобасын көрдік.
Енді,құрылғы мен батарейка арасының есебі туралы кішкене...
Қанша уақытқа жететіні, ол сіздің қолданғаныңызға және құрылғының құрылымына байланысты, мысалы:
Экран(Дисплей), - Экран бетіндегі жарықтығы, экран өлшемінің үлкен- кішілігі( Мыс:5.3 дюйм).
Әуен тыңдау т.б. - дыбыс шығаратын динамиктерде ток аркылы жұмыс істейді, камера, вибрация, bluetooth т.б. бәрі әрқайсысы әртүрлі ток жеу арқылы жұмыс істейді. Енді түсінген шығарсыздар, неге қарапайым арзан nokia телефондарының токты аз жейтінін :-))).
Қорытынды:
1. Неғұрлым батарейкасында мАсағ сыйымдылығы көп болғаны дұрыс.
2. Құрылғы жаңа(ескі емес немесе артық тоқ жемейтін) болғаны дұрыс.
3. Егер токты ұзаққа шыдатқыңыз келсе, онда азырақ қолданайық(аз жегізейік, өшіріп қою немесе әрнәрсені қоса бермейік).
+1 дауыс
Мына [сілтемені][1]  оқып көріңіз, мүмкін қанағаттанарсыз?


  [1]: http://otvet.mail.ru/question/36376190/
Кешірерсіз мен орысша түсінбейтін едім. :) Сондықтан сұрақты қазақша қойған едім. Көркем әзіл ғой, көңіліне алып қалма! Рахмет іздеп ақпарат тауып бергенің үшін. Бірақ менің осы пікірімді мына сұрақ пен сондағы пікірімді оқысаң түсінерсің неге осылай пікір жазғанымды. https://surak.baribar.kz/56506/?show=56523#c56523
Түсіндім, енді үмітіңізді ақтауға тырысамын (тырысамын деп, тырысып қалмайын тағы))) )
...