+1 дауыс
322 көрілді
Достар, сайт қонақтары Сіздер "ҚАРАТАУ ТӘЖІ" атанған КЕНТАУ қаласын білесіздер ме? Мүмкін таныстарыңыз, туыстарыңыз тұратын шығар?

1 жауап

+1 дауыс
Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мың адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын
...