«Патриотизм» мағынасын түсініріп беріңіздерші?

0 дауыс
331 қаралым
• Санаты: Тарих сұрақтары

1 жауап

0 дауыс
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.

Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді"

PS_!!!!!!!!!!! Енді осындай сұрақ қойсаң ЖАСЫРУЛЫ болады.ЕСКЕРТУ!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
2 жауап
127,767 сұрақ
322,339 жауап
153,150 пікір
72,792 қолданушы