Жазбалардағы қателерге кім қарайды?

+2 дауыс
348 қаралым
Бұл сайтты кешеден бері ақтарып отырмын, керекті көп дүние бар екен, бірақ орфографиялық қателер өте көп. Осыны қадағалайтын адам бар ма? Қазақ тіліндегі сөздерді қатесіз жазбаса, кейін солай қалыптасып кетпей ме..?
• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Қате өте-өте көп. Алғашқыда кездескен әр сөзді қате жазылғаны үшін өңдеп отырушы едім. Кейін әр сұрақ қоюшы мен әр жауап берушінің өздері түзеп отырмаса, бұл жердегі қателерді дұрыстаудың мүмкін еместігін білдім. Бірақ сонда да редакторлық қызметімді барымша атқарып жүрмін.
+2 дауыс
Біз бұл жайында айтқанбыз да , жазғанбыз. Тіпті қазақша қаріптерді қолданбай жазатындар да бар. Админ айтпақшы, көш жүре түзелетін болар...

Әрине, көш жүре түзеледі, дегенмен егер әр қолданушы өз жазбасына жауаппен қараса, бұл бір ізге бүгін-ақ түсер еді... шіркін ..!

+1 дауыс
Құрметті Құралай ханым. Ия, біз түсіндіру шараларын істеп жатырмыз. Әзірге тек сұрақтағы қателерді өңдеумен шектеліп жатырмыз. Негізгі сұрақ іздеу боттарына бірінші ілінеді. Соның қатесін туралап жатырмыз, соның өзінде үлгере алмаймыз. Сайтта мен тағайындайтын мүмкіншіліктер бар. Олар модератор, редактор, маман. Қаласаңыз сізді редактор қатарына қосып қойайын. Қате көре жатсаңыз өңдеуге мүмкіншілігіңіз болады. Әр сұрақ пен жауапты оқып отырып қатесін өңдеп отыруға менің жалғыз шамам жетпейді.

Түсінікті! Редактор қатарына қосып қойсаңыз, күні-түні отырмасам да, күніне бір кіріп, көрген қатемді түзетуге дайынмын!)) yes  

(қойайын емес, қояйын wink)

"Ия" емес, "иә" болады, Ербол.........
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы