+1 дауыс
227 қаралым

Өлім аузында жатқан адаммен сөйлесіп көрдіңіз бе? Адамдар өлер алдында неге өкінеді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бір аса сыйлы болған,еңбегі жанған,үбірлі-шүбірлі болған,атақ-марапаттары жеткілікті.

90 нан асқан кісінің соңғы сөзін тыңдадым.. Ол кісі соңғы минутында күрсінді--таңның атқанын,күннің батқанын ғана көрдім-деді. Сол кісінің осы сөзін өмірі ұмытпадым...

Кәзір түсіндім. ӨМіР-көзді ашып,жұмғандай--деген рас екен. Өмірде ең тәтті Өмір--рас екен. Ең басты өкініш--осы шығар бәрінде...

+1 дауыс

Інім марқұм қыздарым аманат деді. Содан кейін тілден қалды. Сорпаға картоп езіп берші шұбат берші деп тауысып ішкенге бәрі мәз болды, бой жазып жатыр ғой дедім. Таңғы азан шақырған кезде үзілді. Нағашым баласы екеуміз тоқтамай дұға оқып отырдық. Аузына су тамызып. Ең ауыр сәт өмір бойы көз алдымда тұрады сол бейнесі

127,981
сұрақ
322,932
жауап
153,164
пікір
73,068
қолданушы
...