Өміріңе бір өзгеріс енгізгің келеді. Бірақ сол бір қадамды жасай алмай жатасың. Іште бірдеңе ұстап тұрғандай. Таныс па?
Сол кезде көзіңді жұмып, 30 секунд бойы сол істі істеп жатқаныңды жай елестетші! Кайдзен ой деген сол. 1, 2, 3...7 күн көр. Нәтижесінде сол істі қалай істеп кеткеніңді байқамай қаласың.
Мысалы, мен әйеліме сезімімді білдіруге шорқақ едім. Сөйтіп оған күнде жылы жүзбен комплимент айтып жатқанымды елестетіп, сезім білдіру оңай боп қалды.