Рефератты мына тақырыппен жазыңыз: «Экономикалық және әлеуметтік қатынастарды мемлекеттік реттеудің түрлері мен әдістері».
Жоспары:
Кіріспе. Мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі.
1. Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу. Оның мақсаты – экономикалық тұрақтылықты сақтау, инфляцияны тежеу, жұмыспен қамтуды арттыру, бәсекені қорғау және халықтың табысын қолдау.
2. Реттеудің негізгі түрлері:
Құқықтық реттеу – заңдар, нормативтер, лицензиялау.
Әкімшілік реттеу – тыйым салу, рұқсат беру, бақылау, стандарт белгілеу.
Экономикалық реттеу – салық, бюджет шығыстары, субсидия, несие, кедендік баж, мемлекеттік сатып алу.
Әлеуметтік реттеу – жәрдемақы, зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, атаулы көмек, ең төмен әлеуметтік стандарттар.
3. Мемлекеттік реттеу әдістері:
Тікелей әдістерге мемлекеттік тапсырыс, бағаны немесе тарифті реттеу, квота, лицензия және бақылау жатады.
Жанама әдістерге салық мөлшерлемесін өзгерту, пайыздық саясат, субсидия, жеңілдетілген несие және инвестициялық ынталандыру кіреді.
Қорытындыда мемлекеттік реттеу нарықты толық алмастырмайтынын, бірақ қоғамдық мүддені, әлеуметтік әділеттілікті және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін жазыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мырзалиев Б.С., Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Тұрғанбаев М.Ә. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы: NURPRESS, 2022. 238 б.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы: ҚазҰАУ, 2013. 170 б.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі.
4. «Мемлекеттік саясат» электрондық оқулығы, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері бөлімі. Торайғыров университеті.
Кітаптан алынған ойды сөзбе-сөз көшірмей, өз сөзіңізбен түсіндіріп, әр бөлім соңында тиісті дереккөзді көрсетіңіз.