Бір-екі күнен бері желі Дженифер Лопес жазып жатыр, жазып жатыр. Қысқасы, жеті атасынан түк қалдырмады.
Соны сынап жатқандар концертіне барды ма? Әңгіменің бәрі оның бөксесі. Тоқ бөксе көруге еркектің бәрі құмар емес пе? Оның жанды дауыста ән салғаны, алпысқа келіп қалса да билеуі неге сөз емес? Бөксе демекші бөксенің көкесін көлге барғанда көріп жүрген жоқсыңдар ма? Ғаламторда онсызда толып жатыр ғой. Әлде Шыңғысхан заманындағыдай тері жамылып алып жайлауға көшкенде, жайлаудан түскенде суға түсесіздер ме?
Лопес кім? Бір рөлі үшін қаршадай кезінде бір млн доллар тапқан талант. Әлемге мәшһүр Голливудттың даңқ алеясына есімі қашалған актриса. Кинодағы сол өнері үшін Оскардан кейінгі мықты «Алтын глобус» бәйгесін жеңіп алған. Бір жылдары Форстың жазуы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдердің қатарына кірді.
Біреулер азғын дейді. Азғын боп анаша, есірткіні насихаттады ма? Отбасылық құндылыққа қарсы ма? Керісінше жақында Ресейге концерт өткізуден бас тартқан ақпар шықты. Репутацияма әсер етеді депті әнші.